Алға ауданында «БЖК-2020» бағдарлама аясында 21 жоба жүзеге асырылған

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз маслихатында аудан әкімі Мавр Абдуллин мәлімдеді.

Ауданның өнеркәсіптік өндіріс көлемі 7171,6 млн теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 20510,7 млн.теңге. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 5768,7 млн.теңге, мал шаруашылығы – 14714,1 млн.теңге.

* Ауданда «Агробизнес-2020», «Сыбага», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» мемлекеттік бағдарламалары тиімді іске асырылып, бағдарлама аясында жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылуда. «Өңірлік индустриалды картасы» бағдарламасы аясында «Көктас-Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасының» құс сою цехы іске қосылып, 52 адам жұмыспен қамтылды. Жоба құны – 2,8 млрд. теңге, сағатына 3000 бас құс сойылады. Сондай-ақ 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы МІҚ «Аманбай» ш/қ пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде ауданның ауылшаруашылығы тауарын өндірушілеріне барлығы 2260,8 млн.тенге субсидия берілді. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 14 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды, - деді, аудан әкімі.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 1899,5 млн. теңгеге 21 жоба жүзеге асырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының ІІ- бағыты бойынша «Кәсіпкерлікті дамытуға» 105 кәсіпкерге 273 млн. теңге несие берілген. «Ауыл кәсіпкерлігі» бағдарламасы арқылы бөлінген 132 млн теңге толығымен игерілген.

Аудан басшылығы 2017 жылға агроөнеркәсіп кешенінің дамыуына ықпал ететін мелекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды, жұмыссыздықты төмендетіп, ауылшаруашлық өнім өндірушілер кооперативтерін құруды мақсат тұтып отыр. Сонымен қатар, егістік көлемін ұлғайтып, суармалы жерлер көлемін артырып, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді жүзеге асыру көзделуде.

 

«Ақтөбе ақпарат» орталығы