Алға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Қ.Сейілов Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің бас мамандары басқару саласындағы мемлекеттік қызмет бақылау мамандары Л.А.Қосаева, С.Ж.Қуантаевамен бірлесіп, Алға ауданындағы барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілеріне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтаулары мен әдеп жөніндегі уакілдің рөлі» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерге моральдық-адамгершілік талаптарын, түсіндіру және олардың қоғамдағы ерекше рөлін, беделін нығайту, оларға деген азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.

Аталған семинарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже нормаларына түсіндірмелер берілді.

Семинарды қорытындылай келе, атап өтілгендей, мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – негізі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ойдағыдай жүзеге асырылуы.

Семинардың соңында әдеп жөніндегі уәкіл Ғ.Қ.Сейлов  әр түрлі мәселелер бойынша азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.