Алға қаласына жұмыс сапары, меморандумға қол қою

Все рабочие поездки акима
Жексенбі, 17 Қаңтар, 2016

Ақтөбе облысында мал шаруашылығында аймақаралық ет кооперациясын құру және дамыту жөнінде кеңес өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Батыс Қазақстан. Қостанай облыстарының әкімдері мен еуропалық инвестор компания  өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.

Қазақстанда өндірілген ет алыс-жақын шетелдерге жедел танылып, Еуропаның да нарығына шығатын күн жақын. "Иналка Еуразия" атты трансұлтттық корпорациясы Қазақстаннның нарығына Алға ауданындағы "Актеп" серіктестігі арқылы кіруге дайын. Еуропалық инвесторлар еліміздің ет саласына 100 миллион еуродан аса қаражат инвестициялау туралы шешім қабылдаған. Қаражат республиканың 3 облысында бір мезгілде 44 мың бас мал бордақылайтын ветрикалды-интеграцияланған компаниялардың құрылуына бағыттталады. Маңызды нысандардың бірі - "Актеп" серіктестігі. 

АСЫЛЖАН МАМЫТБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

- Өткен жылдың соңында ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында салтанаттты түрде ашылған "Актеп" серіктестігінің ет комбинаты - алып кешен. Компания малды бордақылаудан бастап, оны сойып жіліктеп, экспортқа шығаруға дейінгі аралықты толық қамтиды. Сүйек-саяқтың өзі ұнталып, ұсақ жемге айналады. Былтырдың өзінде ет комбинатынан  ай сайын 200 тонна ет экспортталып келді. Ал, биыл ет экспортын 12 мың тоннаға жеткізу көзделген. Ішкі нарық та отандық өніммен қамтылады. 

"Актеп" серіктестігінің мүмкіндіктері етті мал шаруашылығында аймақаралық кооперация ұйымының орталығы болуына мүмкіндік береді. Сондықтан да, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы Алғада бас қосып, Елбасы тапсырмаларын орындау жолдарын талқылады.Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 2015 жылы облыс бойынша "Сыбаға" бағдарламасы шеңберінде  ірі қара мал 4,5 мың басқа көбейген. Тұқымдық түрлендіруге 44 пайыз аналық сиыр сатып алынған. Ресей Федерациясына 898 тонна сиыр еті экспортталған.

Қазақстан нарығына енген Иналка Еуразия корпорациясы - халықаралық деңгейдегі беделді мекеме. Еуропа, Африка және ТМД елдерінде ет және өт өнімдерін өндіру саласында жоғары дәрежеге қол жеткізген. Холдингтің жылдық айналымы 2014 жылы 3,3 миллиард еуроны құрады. 

Бүгінгі жиынға мүдделі көршілес облыстардың әкімдері де "Актеп" арқылы халықаралық ұйыммен байланысудың маңызды екендігін атап өтті.

Иналка корпорпациясының басшылығы да ет өндіру саласында Қазақстанмен әріптестіктеріне қуанышты екендіктерін жасырмады. Холдингтің вице-президенті Андрей Вакулин қазақ халқының ғұрпындағы мал шаруашылығының маңызды рөл атқарғандығын және атқара білетіндігін тілге тиек етті. Әлемдік тәжірибеде Еуропа мен Американың өзінде қорасында 50 мал бас малы бар адам білікті фермер саланалады. Ал, сайын даласында төрт түлікті мыңдап өргізген қазақ халқы мал шаруашылығының ұстаханасы іспретті деді, - шетелдік қонақ. Жиналғандар алдында сол сәтте "Иналко" корпорациясы ресми түрде еніп, бұл келісімдер бірнеше меморандумдармен шегеленді. 

Жиынды түйіндеген Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев енді ет өндірісіндегі жаңа мүмкіндіктер мен тарихтың жаңа беттерінің ашылғандығын атап өтті. Үш облыстың малы мен қатар жеке тұлғалардан да сатып алынатын ойсыл қара тұқымы енді Еуропа мен Азияның сөрелеріне жол тартады.