Антитеррорлық операция жалғасуда

Ақтөбеде антитеррорлық операция режимі жүргізілуде. Қаладағы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге қарақшылық шабуыл жасаған барлық қылмыскерлер анықталып, бірнешеуі ұсталды. Қашып жүрген қалған содырларды іздестіру  және ұстау бойынша күшейтілген ісшаралар жүргізілуде. 

Бесінші ықшам ауданында орналасқан Паллада қару-жарақ дүкеніне маусымның 5-күні сағат 14:28-де тұтқиылдан шабуыл жасалды. Қаскөйлер тобы дабыл шақыру түймесін басып үлгерген сатушыны сол жерде мерт қылды. Дабыл бойынша келген "Жедел күзет" агенттігінің қызметкері де қылмыскерлердің қолынан қаза тауып, екіншісі атыс қаруынан жараланған. Сол кезде "Паллада" дүкеніне полиция жасағы жетеді. Қарулы қақтығыстан соң, содырлар патрульдік машинаны басып алады. 17 атыс қаруын,  3 газ тапаншасын, патрондар мен пышақтарды алған олар қаладағы екінші қару-жарақ дүкені Пантераға барады. Патрульдік автокөлікпен келген алты адам дүкендегі екі адамды пышақтап тастайды. Оның бірі сол жерде қаза табады. Құқық қорғаушылар оқиға орнында 3 қылмыскердің көзін жойып, біреуін жаралайды. Ал екі қылмыскер қашып кеткен.

СӘБИТ ЖӘҢГІРОВ, КУӘГЕР

Қолдарына қару алып, қоғамдық көлікке мінген қылмыстық топтың ендігі көздегені Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімін басып елу еді. Бөлімше қақпасын бұзып өтіп, әскери жасақпен және келіп жеткен полиция қызметкерлерімен атысады. Алайда, әскерилер Отан алдындағы борышына адал болды. Соңғы демі қалғанша оқыстан шабуыл жасаған жаудың бетін тойтарды. Сол жерде Ұлттық ұланның келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген 3 әскери қызметшісі қаза болып, алтауы жараланды. Сол атыста әскери бөлімді қорғап ерлікпен қаза болған үш әскеридің бірі сержант Берік Қалиев.   Ол Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылының тумасы. Оның артында төрт баласы және жары қалған. Әзірге бейбіт тұрғындар арасынан екі полицей, екі әскери және сатушы мен күзетші қаза болды.

АРДАГЕР УАЙДИН, ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Қылмыскерлердің бір тобы қоршауға алынғанымен, екінші бөлігі қашып кеткен. Іздестіру барысында қылмысқа қатысы бар 5 күдікті ұсталып, зауыт полициясына жеткізілді. Кеше осы лаңкестік іс-әрекетке байланысты Ақтөбеде арнайы штаб құрылып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шұғыл мәлімдеме жасаған болатын.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Түнде жүргізілген іс-әрекеттер кезінде құқыққорғаушыларға қарсылық көрсеткен тағы 5 қылмыскердің көзі жойылды. Екеуі ұсталды. Дүкендерден ұрланған қару-жарақтың басым бөлігі тәркіленген.

 

Қосылды: 
06.06.2016 - 12:10
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:25