Анықтама

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметімен 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша бюджет заңнамаларына сәйкестігіне  бақылаумен қамтылған қаражат көлемі    5 220 163,1 мың теңге.  Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 234 586,7 мың теңгені құрады, соның ішінде бюджетке өндіруге жататыны 37 125,4 мың теңге. Қазіргі таңда жергілікті бюджетке 14 522,5 мың теңге өндірілді.

Рәсімдік бұзушылықтардың сомасы 2 275 646,4 мың теңгені құрады.

Аудит қорытындысы бойынша 16 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  оларға 29 әкімшілік бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1809,2 мың теңге айыппұл салынды. Қазіргі таңда 1809,2 мың теңге айыппұл толығымен жергілікті бюджетке өндірілді.

Қосылды: 
02.10.2018 - 09:31
Соңғы өзгерiстер: 
02.10.2018 - 09:31