Арнайы операцияға қатысқандар марапатталды

You are here

Террористікке қарсы операцияның сәтті аяқталуына байланысты, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құқық қорғау саласының қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Марапат арнайы қызмет өкілдеріне кәсіби шеберлік танытқаны және ерлігі үшін берілді.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға тек облыстың ғана емес, Қазақстанның, жақын және алыс шет елдің халқын дүр сілкіндірді. Естеріңізге салсақ, 5 маусымда лаңкестердің шабуылынан 7 адам қаза тауып, 38 жарақаттанды. Ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы бір аптаның ішінде күшейтілген режимде жұмыс жасады. Нәтижесінде, жексенбі күні антитеррорлық операция сәтті аяқталды.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Операция кезінде лаңкестердің ұстауда кәсіби шеберлік танытқаны және ерлігі үшін Ішкі істер департаменті мен және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ондаған қызметкері облыс әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұдан өзге, еліміздің Бас прокуроры Жақып Асановқа, Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановқа алғыс білдірілген хат жіберілді. Бердібек Сапарбаев барша ақтөбеліктердің және жеке өз атынан өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың қалыпты болуына және халықтың тыныш өмір сүруіне ықпал еткендері үшін барлық күш құрылымдарына ризашылығы білдірді.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өз кезегінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, республикалық террористікке қарсы жедел штабы бастығының орынбасары Нұрғали Білісбеков облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа  операцияның сәтті өтуіне облыс басшылығының да атқарған рөлі зор деді.

Қосылды: 
13.06.2016 - 15:11
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:14

Жаңалықтар таспасы