Астана куні ерекше сән-салтанатпен тойланды

You are here

Астана күнін ақтөбеліктер айрықша сән-салтанатпен атап өтті. Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта "Алаштың төрі - Астана" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Саябаққа жиналған барша қала тұрғындары мен қонақтарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

Бұл - 6655 әскери бөлімінің эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің өнері. Оркестр айбынды Астананың құрметіне арналған салтанатқа өз тартуымен келді. Саябаққа орнатылған лэд-экранда ғасырлар тоғысында бой көтерген Астана қаласының құрылуы, қарқынды дамуы, әсем жерлері мен жетістіктері туралы фильм көрсетілді. Мерекелік шараға қатысқан жұрт өз тілектерін жеткізді.

ЗӘКІРАДДИН БАЙДОСОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ПРОФЕССОРЫ

АЙГҮЛ ЖҰБАНЫШ, "ХАБАР" ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ

Сарыарқаның кең даласына алып шаһар орнағалы биыл 18 жыл. Осы уақыт аралығында Астана өсті, өркендеді. Еңсесі биік Елорданың туған күнін тойлауды барша қазақстандық дәстүрге айналдырды. Биыл да ақтөбеліктер Астана күнін ерекше ықыласпен қарсы алды. Аймақ жұртын құттықтау үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мерекелік шараға арнайы қатысты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл күні саябақта қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтті. Кәсіпкер Ләйлә Байғанова ұлы Ерланмен бірге қазақы қолөнер бұйымдарын әкеліпті. Бес жылдан бері бұл іспен айналысып келе жатқан олар келер жылы Астананың төрінде өтетін "Экспо-2017" көрмесіне қатысуды армандайды.

ЛӘЙЛӘ БАЙҒАНОВА, КӘСІПКЕР

Бұден бөлек кешкі мерекелік концертте мемлекетіміздің символы Астананың, Бәйтерек, Тәуелсіздік монументінің және елорданың басқа да көркем жерлері бейнеленген шарлар ұшырылды. Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында караоке-батл сияқты қызықты шаралар өтті. Концертке келгендер ақтөбеліктерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

 

 

 

Жаңалықтар таспасы