Астана күні пәтерлер мен жер учаскелері берілді

You are here

Астана күні мен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында бүгін бір топ ақтөбеліктер пәтерлер мен жер уаскелеріне ие болды. "Нұр Ақтөбе" ауданында ұйымдастырылған мерекелік шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала басшылығының өкілдері қатысты. Облыс басшысы өңір тұрғындарын бүгінгі мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да сый-сияпат көрсетілді.

Астана қаласының туған күнін ақтөбеліктер зор қуанышпен қарсы алды. Облыс орталығындағы жаңа аудандардың бірі - "Нұр-Ақтөбеде" ұйымдастырылған мерекелік шара, жиналғандардың көңілін көтерді. Мұнда таңертең ертемен ән-күй шырқалып, түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі қатысып, барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мерекеге орай ұйымдастырылған "Шапағат" акциясы аясында, 938 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Тұрғын үйлер "өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында қаланың бірнеше бөлігінде бой көтерген. Баспанаға ие болғандардың басым бөлігі ұзақ жыл бойы үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы азаматтар.

ЖАНДОС БАЙЫРХАНОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл жыл басынан бері 632 ақтөбелік отбасы баспаналы болған. Оның 234-і жас отбасылар болса, 192  адам, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" арқылы пәтерге қол жеткізді. жыл соңына дейін тағы да мыңнан астам ақтөбелік баспаналы болмақ.

ГҮЛФИЗА ӘБДІЖӘЛЕЛОВА, №32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ

Сондай-ақ, бүгінгі айтулы күнге орай 500-ге жуық азаматқа тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілді. Олардың барлығы да 2005 жылдан бері жер кезегіне тұрғандар. Енді олар алдағы уақытта, Ақшат-2, Красносельское - 2, Шилісай, Қанағат, Бауырластар тұрғын үй массивтерінде тұратын болады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Астана күні сый-сияпатқа ие болғандардың қуанышында шек жоқ. Олар үшін, векториналық ойындар өткізіліп, сыйлыққа тұрмыстық техникалар, ас үй жабдықтары табыс етілді. Сондай-ақ, балалар арасында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылса, кәсіпкерлердің көмегімен тігілген киіз үйлер келушілерге ұлттық тағам түрлерін ұсынды. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандарға Бурабай шипажайына жолдама, есту қабілеті нашар адамдарға компьютерлер тарту етілді. Шара, мерекелік

 

 

Қосылды: 
06.07.2016 - 11:50
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 12:16

Жаңалықтар таспасы