Аукцион арқылы жерді жекеменшікке берудің тәртібі түсіндірілді

You are here

Елбасы бекіткен "100 нақты қадам - Ұлт жоспарының" 35-36 қадамдарына сай ауыл шаруашылығы жерлері биылдан бастап жеке меншікке беріле бастайды. Егістік пен жайылымды, шабындықты сату аукцион арқылы ағылшын тәсілімен жүргізіледі. Бүгін осы қадамдарды түсіндіру мақсатында Ақтөбеге арнайы келген Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбев жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылық құрылымдарының басшыларымен кездесті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев төрағалық етті.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану - бүгінгі күннің талабы. Ұлттық экономика министрлігі 2012-1014 жылдар аралығында жер учаскелерін түгендеп, бос жатқан 7 жарым миллион гектар жердің таяу болашақта құнарын жоғалтатындығына көз жеткізген. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осыған Ақтөбе облысының есебіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы 25 миллион гектар жердің иесіз қалмау керектігін баса айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауыл шаруашылығы жерлерін ұзақ мерзімге жалға алып отырған азаматтардың кемшілігі ортақ. Жерді тиімді пайдаланбай, өңдеудің әдістерін қолдануды қиынсынады. Ал, шабындық пен жайылымның, егістіктің басыбайлы қожайыны атанса, қара жердің қадірін түсінетіндігі анық. Ең басты міндет - сол жердің игілігін халыққа бағыттау.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Еліміз бойынша пайдаланылмай жатқан 7,4 миллион гектар жердің үш миллиондай мемлекетке қайтарылған. Ал, бір миллиондайын қайтару қиындық тудырып отыр. Өйткені, ол жерлер ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған. Ұлттық экономика министрлігі басшылығының Ақтөбеге сапарының негізгі мақсаты да заңның осы талаптарын түсіндіру, халықтың көкейіндегі күмәнді сейілту.

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Бүгінгі жиын барысында министрлік өкілдері жер кодексі, салық кодексі мен басқа да заңнамаларға енгізілген өзгерістерді де түсіндіріп өтті. Мүдде бір, мақсат ортақ. Алайда, жерді жекеменшікке беретін уақыт таяғанымен, аудан, ауыл басшыларының түсіндіру жұмыстарындағы шикіліктері ашылып қалды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары да көп өзгерістен хабарсыз. 

ҚЫДЫРБАЙ КСУПОВ, "АБЫЛАЙ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ (АЛҒА АУДАНЫ)

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ел ішінде жер кодексіндегі жаңа өзгерістерге байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктердің сатып алу ықтималдығына байланысты күдік бар. Алайда, вице-министр Қазақстан азаматы еместердің қазақ жерінен күдерін үздіріп, жекеге алуына тыйым салу заңда қаралғандығын ескертті.

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Жиын барысында белгілі болғандай, Алға ауданына қарасты Ақай селолық округінің аумағында мал өсіріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша жылқы алған жеке кәсіпкерге ауыл басшылығы жер бөлуді күрделендіріп жіберген. Тіпті, округ әкімі селоға тиесілі жердің көлемін білмейтін болып шықты. Демек, Ақай өңірінде не жердің есебі жоқ, не болмаса басшысы біліксіз.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Түптеп келгенде Елбасының тапсырмасына сай ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарын арттырып, пайдасын көру үшін жасалған қадамдар елдің мүддесін сай келеді. Сондықтан да, облыс әкімі ауыдан әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл әкімдеріне жаңа өзгерістерді қарапайым халыққа қарапайым тілмен жеткізуді тапсырды.

Жаңалықтар таспасы