Ауласы жалпы қолданыстағы тұрғын үй жер учаскесін қалай рәсімдеуге болады?

ҚР Жер Кодексінің «Жер учаскесiне ортақ меншiк немесе ортақ жер пайдалану» туралы 53 бабына сәйкес, жер учаскесi әрбiр меншiк иесiнiң үлесi анықталған (үлестiк меншiк) немесе үлестерi анықталмаған (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. Ортақ меншiктегi (ортақ жер пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртiбi ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылар арасындағы шартпен белгiленедi. Олардың арасында келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда пайдалану тәртiбiн сот айқындайды. Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi туралы қатысушылардың келiсiмi немесе соттың шешiмi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органда тiркелуге тиiс. Осыған байланысты, бірлескен барлық үй-жайлардың жергілікті атқарушы органға жер учаскесін рәсімдеу үшін жалпы меншікке қоса бере отырып, құқық белгілейтін құжаттарды, осы мекен-жай бойынша ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтамаларды ХҚКО-нан алу, жеке куәлігінің көшірмесі қажет. Уәкілетті орган болып Ы.Алтынсарин,2 көшесінде орналасқан «Ақтөбе қлалық жер қатынастары бөлімі» ММ табылады. Тел: 21-25-56

Қосылды: 
10.08.2016 - 11:34
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 11:34