Ауылдық округ әкімдіктері 25 жаңа қызметтік көлік алды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұма, 6 сәуір күні салтанатты жағдайда 25 ауылдық округ әкімдеріне «Нива» маркалы жаңа қызметтік көліктерінің кілттерін табыс етті. Облыс әкімі бұл Мемлекет басшысының ауылды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін қабылданған көптеген шаралардың бірі екенін атап өтті.

Айта кету керек, мұндай шаралар жанама түрде отандық өндірушілерді қолдауға ақсы әсер етеді, барлық жаңа автомобильдер отандық құрастырудан шыққан.

- Біздің облыстың ауылдық округтері үлкен аумаққа ие. Сондықтан ауыл әкімдеріне арналған машиналар қажеттілік болып отыр, оларға тапсырылған аумақтағы тәртіпті қадағалау мен болған оқиғаларға шұғыл әрекет ету құралы. Көлікті жаңартып, енді сіздер ұшқыр болып, халықпен тығыз байланыс орнатасыздар деп үміттенемін. Ең бастысы, сіздер мемлекеттік қызметшілер екендеріңізді ұмытпаңыздар, Отанымыздың игілігі үшін жұмыс жасаңыздар, - деді Бердібек Сапарбаев ауыл әкімдеріне.

Осы күнге дейін облыстағы 147 ауылдық округтің 146-ы қызметтік көлікпен қамтамасыз етілді. Бұған дейін Талдысай ауылдық округінің әкімдігінде қызметтік көлік болмаған еді, бүгін ауылдың әкімі ең алғашқылардың бірі болып облыс басшысының қолынан кілт алды.

Сонымен қатар, ауылдық әкімдіктерде қолданылып жүрген 59 автокөлік тозды. Тиісінше, жаңартуды қажет ететін көлік құралдарының саны бүгінгі күні 34 бірлікке дейін азайды.

Өткен жылдың тамыз айында құқық қорғау органдарының автокөлік пулын 180 автокөлікпен толықтыру есебінен облыстың полиция инспекторларын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету 100 пайызға жетті.

Облыс басшысы мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасатындығын атап өтті.

Біз ауыл дәрігерлерін машиналармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні автокөлігі жоқ шағын елді мекендерде шамамен 30 медициналық мекеме бар. Жылдың соңына дейін біз оларды толығымен қамтамасыз етеміз», - деді Бердібек Сапарбаев.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі