Ауыл шаруашылығы

Қосылды: 
10.08.2016 - 13:30
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 13:30

Ақтөбе облысы - Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы.

Табиғаты жағынан, жерінің қолайлылығы, экономикасының дамуы тарапынан облыстың мүмкіндігі мол. Азық-түлікпен Қазақстанның батысындағы облыстардың халқын қамтамасыз етуге толық шамасы жетеді.

Географиялық жағынан қолайлы орналасқан облыс аумағында көлік байланысының желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық автокөлік магистралы өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.

Ақтөбе облысы еліміздің алты облысы мен Ресей Федерациясының Орынбор облысы және Өзбекстан Республикасы құрамындағы Қарақалпақстанмен шектесіп жатыр.

Облыс еліміздің11% құрайтын 300,6 мың км2 жер аумағын алып жатыр.

Ақтөбе облысында 27,0 млн.га ауыл шаруашылығы  жерлері, оның ішінде 25,3 млн. га жайылымдық, 464,6 мың га шабындық, 649,9 мың га егістік жер алқаптары бар.

1.01.2016 жылы облыста 4756 агроқұрылымдар, оның ішінде 4364 шаруа қожалықтары және 392 заңды тұлғалар тіркелген. Олар негізінен астық, картоп, көкөніс пен бақша өсіру, ет-сүт бағытындағы мал және құс шаруашылығымен, өңдірілген өнімдерді қайта өңдеумен айналысады.

Жалпы  ауыл шаруашылығы саласын дамытуда облысымыздың әлеуеті жоғары. Сондықтан 2016 – 2018 жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуда негізгі міндет барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісі мен саланың экспорттық әлеуетін арттыру.

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі көрсеткіштері

Мемлекетті қолдау шаралары есебінен ауыл шаруашылығына жалпы өнім көлемі 2015 жылы 165,2 млрд.теңгеге жетті, 2014 жылмен салыстырғанда  40,1 млрд теңгеге артып, нақты көлем индексі 102,6% құрады.

Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына салынған инвестиция

Облыста ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2015 жылы   6,3 млрд.теңгеге жетіп, 2014 жылмен салыстырғанда 25,5%артты.

Тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестиция 3,7 есеге өсті.

Заманауи технологияны қолданумен, техниканы және құрал-жабдықты жаңалауда инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігі артты. 

 

 

 

 

«Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау

ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау

2016 жылы  «Агробизнес-2020» бағдарламасымен  7,2 млрд.тенге субсидия, оның ішінде 271,0 млн.тенге АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға бөлінді.

Ауыл шаруашылығында жобалардың инвестициялық белсенділігін арттыру мақсатында басым бағытты жобаларға инвестициялық субсидиялау механизмдерін қолдануда республикалық бюджеттен 2,0 млрд.теңгеден аса қаржы бөлінді.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес қаржы ұйымдары арқылы ауыл шаруашылығы мақсаттарына әртүрлі бағдарламалармен несиелер беру жылма-жыл артып келеді. 2015 жылы «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ еншілес қаржы ұйымдарымен 6,6 млрд.теңгеге несиелер мен лизингтік жобалар қаржыландырылды.

 

 

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес қаржы ұйымдары арқылы АӨК субъектілерін несиелендіру, млрд.теңге

Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру

«Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» бағдарламаларын орындау

Өңірде 2012 жылы жайылымдық қой шаруашылығын дамыту бағдарламасы жасақталып, оның негізінде Байғанин, Ойыл, Шалқар және Ырғыз ауданы шаруашылықтармен 20 277 қой сатып алынды.

 «Алтын асық»бағдарламасымен  12 871 саулық сатып алынды:

2014 жылы - 2 393 саулық;

2015 жылы  - 10 478 саулық.

 «Құлан» бағдарламасымен  2 208 жылқы сатып алынды:

2014 жылы – 703 жылқы;

2015 жылы –2 070 жылқы.

 

«Ырыс» бағдарламасымен  500 сиырға арналған 7 тауарлы-сүт фермасы:

2014 жылы– 200 сиырға арналған 3 тауарлы-сүт фермасы;

2015 жылы – 300  сиырға арналған  4 тауарлы-сүт фермасы

2016 жылы «Сыбага» бағдарламасы арқылы 4200 бас МІҚ аналығын, «Алтын асык» бағдарламасымен 10 000 бас саулық, «Кулан» бағдарламасымен 2 500 бие алу және «Ырыс» бағдарламасы арқылы 450 басқа арналған 6 сүт фермасын ашу жопары межеленді.

Қосылды: 
09.08.2016 - 17:04
Соңғы өзгерiстер: 
26.08.2016 - 10:20
ТіркемеКөлем
Image icon image001.png41.9 KB
Image icon image002.jpg57.03 KB
Image icon image003.jpg51.87 KB
Image icon image004.jpg82.93 KB
Image icon image005.jpg62.21 KB
Image icon image006.png15.42 KB
Image icon image007.jpg165.17 KB
Image icon image008.png61.84 KB
Image icon image009.png12.41 KB
Image icon image010.jpg122.8 KB
Image icon image003 kaz.jpg42.9 KB
Image icon image004_0 kaz.jpg64.35 KB
Image icon image005_0 kaz.jpg68.79 KB
Image icon image007 kaz.jpg149.13 KB
Image icon image010 kaz.jpg88.71 KB
Image icon Без имени-1 kaz.jpg28.12 KB
Image icon image002_1.jpg53.57 KB