Ауыл шаруашылығы

Қосылды: 
10.08.2016 - 13:30
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 13:30

Елбасының тапсырмасына сәйкес жыл сайын өңірде егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, соңғы 3 жыл ішінде мал азығы дақылдарының егіс алқабы 1,5 есе өсті.

Егіс құрылымы, мың. га

Атауы

2015 жылы

2016 жылы

2015/2016 жж.

Астық

320,6

340,9

106%

Жемшөптік

148,9

177,2

119%

Майлы

34,1

38,2

112%

Картоп

5,3

5,95

112%

Көкөністер және бақша дақылдары

4,1

5,0

121%

Жалпы ауданы

513,0

567,4

110,6%

2016 жылы 567,4 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары себілді (2015 жылмен салыстырғанда 54,4 мың га артық), оның ішінде 340,9 мың га дәнді дақылдар, 38,2 мың га майлы дақылдар, 177,2 мың га мал азығы дақылдары, 5,95 мың га картоп және 5,0 мың га көкөніс-бақша дақылдары.

Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге облыс шаруашылықтары тұқым және жанар жағармаймен толық қамтамасыз етілді.

Көктемгі далалық жұмыстарды дер кезінде жүргізу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 214,2 млн. теңге көлемінде несие қаражаттарын бөлді.

 Өсімдік шаруашылығын дамыту, облыс тұрғындарын өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету, оның ішінде картоп және көкөніс,мал шаруашылығын сапалы азықпен қамтамасыз ету мақсатында аудандарда суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Барлық суармалы жерлер бойынша түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы бойынша 29,8 мың га үнемі суармалы жерлер анықталды. Бүгінгі күнге оның 18,3 мың га немесе 61% қолданыста. Сонымен қатар, 115,0 мың га көлтабанды суармалы жерлер анықталып, оның 64 % немесе 74,0 мың га қолданыста.

Ағымдағы жылы айналымға 6,3 мың га суармалы жерлер енгізіліп, жалпы қолданыстағы суармалы жер көлемі 18,3 мың га жеткізілді. Осы көрсеткішті 2018 жылға дейін 100% дейін жеткізу бойынша тапсырма берілді, бұл мал шаруашылығын сапалы азықпен толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жылыжай кешендерін дамыту

Облыс бойынша қазіргі таңда жылдық қуаттылығы 4916 тоннаны құрайтын 14,7 га жылыжай кешендері бар. 2015 жылы жылдық қуаттылығы 1 150 тонна, алаңы 4,0 га құрайтын жылыжай кешендері салынды («Ника 99» ЖШС-3 га, қуаттылығы жылына 750 тонна, «Агрофирма «Көктем» ЖШС-1 га, қуаттылығы жылына 400 тонна).

Қолданыстағы жылыжай кешендері маусым аралық кезеңде облыс қажеттілігінің 51,7 %  қамтамасыз етеді.

 

Сонымен қатар, 2016 жылыірі инвестициялық жобалар шеңберінде «GreenhouseKazakstan» ЖШС 9,5 га жылыжай кешенінің (2016 жылы-бірінші кезең 6,5 га) құрылысы басталды.

Қосылды: 
09.08.2016 - 17:24
Соңғы өзгерiстер: 
15.09.2016 - 17:19
ТіркемеКөлем
Image icon image0011.jpg63.94 KB
Image icon image002.jpg69.33 KB
Image icon image003.png113.19 KB
Image icon image004.jpg56.64 KB
Image icon image005.jpg53.21 KB
Image icon image006.png142.64 KB
Image icon image007.png107.69 KB
Image icon image008.png121.04 KB