Ауыл шаруашылығы

Қосылды: 
10.08.2016 - 13:30
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 13:30

Мал шаруашылығы саласында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын облыста мал басы өсуде, соның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында.

Соңғы үш жылда облыс агроқұрылымдарында мүйізді ірі қара мал 20,6%, қой-ешкі - 4,2%, жылқы – 28,7% өсіп отыр.

Асыл тұқымды ірі қара малының үлесі 2 есеге өсті және 5,4%, асыл тұқымды қой үлесі - 11,8%, жылқы – 38%, шошқа 75% құрады.

Соңғы 3 жылдағы мал басы мен құстың динамикасы, мың бас

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, тонна

Елбасының ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасына орындау мақсатында облыста 2013-2015 жылдарға 3 жылдық бағдарлама жасалып, жергілікті бюджеттен қаралған қаражатқа қоғамдық табындарға қосу үшін 2 000 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

2015 жылы тұқымдық жаңартуға қатысқан аналық малдың үлесі – 28,4% құрады. Нәтижесінде ірі қара малдың өнімділік көрсеткіштері артып келеді.

Өнімділігі

 
1 бас мүйізді ірі қара малдың

орташа өткізу тірі салмағы

1 сиырдан

орташа сауылған сүт

2015 ж – 421 кг

2014 ж – 408 кг

2013 ж – 385 кг

2015 ж – 5444 кг

2014 ж – 4440 кг

2013 ж – 2726кг

2012 жылы «АкТеп» ЖШС Солтүстік Америкадан 2 мың бас етті бағыттағы ангус тұқымды қашарлар әкеліп, репродуктор шаруашылық құрды. Қазір 2 372 бас мал бағылуда. Алынған асыл тұқымды бұқалар жыл сайын тұқымдық жаңартуға пайдаланылуда. Сонымен қатар, облыста бір мезгілде 23 700 бас бордақыланатын, оның ішінде 21 000 басқа арналған 1-деңгейдегі ірі қара малын бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.

Шалғай жайылымдағы мал шаруашылығын дамыту үшін бірінші кезекте оның инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қолға алынып, соңғы үш жылда су көзімен қамтамасыз ету үшін 60-тан астам құдықтар қазылды, 120-дан астам учаскелерге баламалы энергия көздері қондырылды.

Инвестициялық субсидиялар есебінен құдық қаздырған шаруашылықтардың жұмсаған шығындарының 80%-ы  өтелуде.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

2015 жылы 39,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, индекс көлемі 115,2 % құрады.

2016 жылдың 5 айында 14,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

2015 жылғы қайта өңделген ет және сүт өнімдерінің үлесі 2014 жылмен салыстырғанда ет 1,9% (31% құрады), сүт 10,8% (48,6% құрады) өсті.

Азық-түлік қауіпсіздігі

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудандарда ауыл шаруашылығы өнімдері түрлерінің тұтыну теңгерімі жасақталды. Облыс халқы негізгі азық-түлік тауарлары,  оның ішінде ет, сүт, жұмыртқа, нан, көкөніс-бақша өнімдері, картоп, өсімдік майымен ішкі өндіріс есебінен қамтамасыз етілуде.

Облыс әлеуметтік маңызы бар 33 түрлі азық-түліктің 12-імен (ұн, нан, макарон өнімдері, сиыр және қой еті, ірімшік, жұмыртқа, өсімдік майы, картоп, қызылша) толық қамтамасыз етіліп отыр, 10-ы облыста өндірілмейтін болғандықтан (жарманың 5 түрі, күріш, қант, тұз, шай, өсімдік қоспасы бар сары май) өзге өңірлерден, ішінара импорттық өнімнің есебімен қамтамасыз етіледі.

Көкөніспен қамтамасыз етілу деңгейі облыс бойынша 85,1% болса, кейбір аудандарда (Байғанин, Ырғыз, Шалқар) 18-24% аралығында, картоп – 100%, Темір, Ойыл, Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарында 8-40% аралығында.

Осыған байланысты, суармалы жерлерді қалпына келтіру арқылы картоп пен көкөніс өсіру қолға алынуда. Биылғы жылы осының есебінен қосымша 500 га көкөніс, 300 га картоп егу жоспарланып отыр. Осы арқылы облыс тұрғындарын көкөніспен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Сонымен бірге ағымдағы жылы 7 ет өнімдерін және 9 сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың ашылуы жоспарлануда.

Маусымаралық кезеңде облыс халқын қажетті көкөніспен қамтамасыз ету үшін 37,0 мың тонналық 59 көкөніс сақтау қоймалары бар (66,7%). Олардың ішінде 5-і жаңа үлгіде салынған. «Пригородный АШФ» ЖШС заманауи үлгіде салынған 3000 тонналық көкөніс сақтау қоймасын іске қосты.

Жұқпалы аурулардың алдын – алу бойынша ақпарат

162 887 бас мүйізді ірі қара малдары, 68 214 бас қой-ешкілер, 10870 бас жылқы, 400 бас шошқа, түйе 6 920 бас сібір жарасына қарсы, 29 420 бас мүйізді ірі қара малдары пастереллезге, 1000 бас мүйізді ірі қара малдары листериозға, 89 650 бас мүйізді ірі қара малдары қарасанға қарсы, 19 924 бас  қой-ешкілер күл ауруына, 2100 бас қой-ешкілер эктимаға, 4 000 бас жылқы маңқасына қарсы вакцинацияланды.

184 663 бас мүйізді ірі қара, 2 478 бас түйе туберкуллезге аллергиялық зерттелсе, 300 бас иттерді ішек құртына қарсы  дегельминтизацияланды.

№ р/с

Аудандық ветеринариялық стансалардың басшылары А.Т.Ж.

Телефондары

Электрондық поштасы

1.

Бахрадинов Марал Оңашабаев

8/71339/22-5-96, 79-1-20

altin61bk@mail.ru

2.

Тезекбаев Серик Жорабекович

8/71337/411180,

algavetstansiya@mail.ru

3.

Қисықбасов Серік Азанұлы

8/71345/23-1-80, 23-0-74

baiganin_vet@mail.ru

4.

Тойбазаров Данабай Акімжанұлы

8/71343/72-2-51, 21-8-81,

aidynbek-89-89mail.ru

5.

Aқниязов Серік Қапашович

8/71342/23-2-50

sherkzohukhova@mail.ru

6.

Мұқашов Кенжебай

8/71331/21-4-93

martukvet@mail.ru

7.

Нурлиев Мұқтар Алиевич

8/71333/36-7-82, 37-4-51,7-90-81

mugalvet@mail.ru

8.

Барсаев   Бекболат  Дусенбаевич

871346/78-5-17

vet.temir@mail.ru

9.

Сармуханов Серік

871332 - 22-0-47, 21-7-24,

vet_shtansa@mail.ru

10.

Құлметенов Темур

8/71341/21-1-87, 79-0-62

samat-tultshov@mail.ru

11.

Бисембаев Нұрахмет

8/71336/21-8-87

vetstansia _ xrom@mail.ru

12.

Қожабаев Бақыткерей

8/71335/23-5-75

shalkarvetstansiya@mail.ru

13.

Ибрагимов Тлепжан Зайнидинович

96-00-49, 96-08-66

vetstansiya@mail.ru

Қосылды: 
09.08.2016 - 17:53
Соңғы өзгерiстер: 
01.06.2017 - 00:35