Аяқталмай тұрған құрылыстар бақылауға алынды

You are here

Жергілікті билік салынып бітпей жатқан құрылыстардың қожайындарына талапты күшейтті. Өткен демалыс күндері облыс әкімі  Бердібек Сапарбаев қаланың пайдаланылмай жатқан жер телімдерін барып көрді. Пайдалануға беру мерзімі әлдеқашан өтіп кеткенімен, бітпей тұрған құрылыстарға қатысты сын айтты. Жауапты тұлғаларға күрделі мәселелерді шешуге нақты уақыт берді.

Облыс әкімі 10 жылдан бері пайдаланылмай жатқан екі жер учаскесіне барды. Біреуі Әз наурыз көшесінде болса, екіншісі 12-ші шағын ауданда орналасқан. Бос жатқан екі аумақ та биік дуалмен қоршалға. Қоршау іші шөп өсіп, күл-қоқыс алаңына айналған. Ал жер телімдерін иелікке алған «Актюбпродторг» және «Лашын Инвест Холдинг» серіктестіктері бұл орындарға көпқабатты үйлер салуы керек ед. Өңір басшысы сондай-ақ сақалды құрылыстарға қатысты сын айтты. Мәселен, Красин көшесі мен Бөкенбай батыр даңғылы қиылысындағы мейрамхана кешінінің салынып басталғанына 6 жыл болды. Қазір бос тұрған ғимарат айланысына арам шөп өсіп, аула қараусыз қалған. Құрылыс иесі жергілікті атқарушы билік органдарына құрылыс-монтаж жұмыстарын 2015 жылдың қазан-қараша айларында қайта жаңғырту туралы кепілдік хат жолдап, уәде берген. Бірақ, уәде күні бүгінге дейін орындалмай отыр. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тілеу батыр көшесінің бойындағы құрылыс және қаланың нағыз ортасындағы бұрынғы "Космос" қонақ үйінің орнындағы мерйамхана кешін де осындай кейіпте. Жобалардың үйлестірушілері облыс әкіміне құрылыс жұмыстары 1-2 айдың ішінде жаңғыртылады деп уәде берді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бос жатқан жерлерді және құрылысы бітпеген ғимараттарды көрген өңір басшысы қордаланған проблемаларды шешу үшін жауаптыларға нақты тарпсырмалар берді. Егер 10 жыл бойы іске асыра алмай, аздырып-тоздырып жіберетін болса, берген жерді кейін қайтарып алуымыз керек, бұл бітпей тұрған құрылыстар да қатысты талап деді облыс әкімі. Ендігі жерде уақытында ғимараттарды аяқтап тапсырмағаны үшін қатаң шаралар қолданылатын болады, бақылау күшеймек.

 

Қосылды: 
18.07.2016 - 16:58
Соңғы өзгерiстер: 
22.09.2016 - 09:20

Жаңалықтар таспасы