Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында өнеркәсіп 4,5 пайызға өсті

Алдын ала мәліметтер бойынша, ағымдағы жылдың алғашқы үш айында Ақтөбе облысында өнеркәсіп 4,5% -ға өсіп, 445,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Мұнай-газ, хром кенін, мыс-мырыш кендерін, ферроқорытпа өндірісін және т.б. өндіруді ұлғайтты.

Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, есепті кезеңде облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығында өндіріс көлемін 4,6% -ға, 29,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты. Инвестициялардың көлемі 19,3% -ға өсіп, 57 млрд. теңгені құрады.154 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, 16,7 млрд. теңге сомасында құрылыс жұмыстары жүргізілді (12,6% өсім).

Облыс әкімі уәкілетті органдарға, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының баяулауына жол бермеу жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Соның ішінде облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновке тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру міндеті жүктелді.

- Биылғы жылы 870 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үй пайдалануға беріледі. Құрылыстың ағымдағы қарқыны жарияланған жоспарға сәйкес келмейді. Әлі де пысықтау қажет, - деді Бердібек Сапарбаев.

Жиында аймақтағы ветеринариялық-санитарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Ақтөбе облысында аса қауіпті зиянкестердің 8 түрі кең таралған, соның ішінде ең үлкен экономикалық шығынға итальяндық прус (итальяндық шегіртке) себепші болған. Агроөнеркәсіптік кешендегі аумақтық инспекциясының жетекшісі Мейірхан Даунбековтің айтуынша, биылғы жылы шегірткеге қарсы 184 мың гектардан астам жер өңделді. Сонымен қатар, аймақтағы шегірткелердің мекендейтін жерлерін уақтылы анықтау үшін 109 бақылаушы жұмыс жасайды.

Ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады. Ол облыста үй жануарларын вакцинациялау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Бүгінгі күні 227 мыңнан астам мал басы сібір жарасына, пастереллезге қарсы - 25,3 мың бас және малдың түйіндік дерматитіне қарсы - 286,9 мың бас қарсы егілді. Бұдан басқа, үстіміздегі жылдың басынан бастап бруцеллезге 165,3 мың бас ірі қара мал және 140,7 мың бас уақ мал тексерілді.

Есептерді тыңдаған облыс басшысы ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

- Барлық мәселелерді қатаң бақылауда ұстаңыз. Малға вакцинация қажеттілігін жұртшылыққа түсіндіріңіз. Бұдан басқа,  барлық аудандардағы жануарларды анықтау және тіркеу, союшы станцияларын бақылау және нарыққа шығатын ет және сүт өнімдерінің сапасын бақылау бойынша шараларды күшейтуді тапсырамын. Басты мақсат - халықтың және аймақтың фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жиын су тасқынының өту кезеңімен қорытындыланды. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, дүйсенбі, 2 сәуірден бастап, Елек, Қарғалы, Жаман Қарғалы, Ақтосты, Темір, Ойыл және Ырғыз өзендері ашылу кезеңінде тұр. Гидрологиялық бекеттердің деректері тәулік бойы төтенше жағдайлар органдарына жіберіледі.

13 су тасқынына қарсы штабқа дүйсенбі күні сағат 10: 00-де 877 өтінім келіп түсті, оның ішінде 150 мың текше метрден астам су сорылды, 1200 текше метрден астам инертті материалдар тасымалданып, 420 дана қап толтырылды.

- Бұдан басқа, Қобда ауданында еріген судан жолдың екі рет жырылуы болды. Аталған орындарда полиция қызметкерлері мен құтқарушылар кезекшілік кезекшілік жасайды, инженерлік жабдықтар қойылды. Елді мекендер үшін қауіп жоқ, - деп хабарлады Б.Сыздықов.

Ақтөбе, Хромтау, Әйтеке би, Қарғалы және Мәртөк аудандарында қарды тасу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, жол қызметтері 2700-ден астам су тазалағыштарды тазартты және жергілікті маңызы бар жолдарда 403 құрылымды тазалауды жалғастырды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі