Ақтөбеге ет кластерін дамытуды үйрену үшін бүкіл Қазақстаннан шаруалар келді

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен Премьер-Министрдің орынбасары – ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді. Онымен бірге өңірге облыс әкімдерінің орынбасарлары, елдегі ірі ауылшаруашылық құрылымдары мен кәсіпорындардың басшылары да келді.

Сапардың негізгі мақсаты – «Актеп» ЖШС негізінде құрылған Ақтөбе ет кластерінің іс тәжірибесімен танысу. Кәсіпорын 2012 жылдан бері жұмыс жасап келеді, 11 мың бас ірі қара малды бордақылайтын алаңы мен қуаттылығы жылына 7200 тоннадан асатын ет өңдеу кешені бар. Бүгінде кластер барлық облыстың 350 шаруа қожалығымен серіктес. Мұндай әріптестік «Актеп» ЖШС-мен қатар қарапайым шаруалар үшін де тиімді.

Ақтөбе ет кластерінің сондай зәкірлі серіктестерінің бірі - «Қызылжар» ШҚ.

- Біз «Актеп» ЖШС-мен 2012 жылдан бері бірге қызмет істеп келеміз. Осы уақыттың ішінде 3000 тонна шөп, 200-ден астам ірі қара мал басын жеткіздік. Соңғы жылдары асыл тұқымды малды жалдаудың, ауыл шаруашылығы техникасын жалға берудің жаңа пилоттық жобалары енгізіліп жатыр. Біз «қонақ үй» бағыты бойынша жұмыс істейміз: малды семіртуге аламыз, оны өсіріп, сол үшін ақша аламыз. Басқа бағдарлама – малды жалдау. Ол бойынша біз асыл тұқымды малды бес жылға жалға аламыз да,төлімен. Бұл бағдарламалар бізге қыруар қаржы тартпай-ақ, табысты кеңейіп, аналық мал басын толықтыруға және малдың тұқымын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл шағын шаруашылықтар үшін өте тиімді,-деді шаруа қожалығының басшысы А.Балманов.

- Біздің шаруа қожалық мал шаруашылығымен айналысады. Өз өнімдерімізді тірідей салмақта «Актеп» ЖШС-не тапсырамыз, аталмыш кәсіпорынның бордақылау алаңына біз сондай-ақ, өзіміз дайындаған мал азығының артығын да жеткіземіз. Тез, кезексіз әрі жақсы бағамен қабылдайды. Ақша аз уақыт ішінде банктік есепшотқа түседі. Бұрын біз өзіміз базарға барып, сатып алушыларды іздейміз де алыпсатарларға арзанға сататынбыз. Бүгінде бұл мәселе толығымен шешілді. Біз асыл тұқымды мал басын дамытуда да әріптестік жасаймыз: «Актептен» Абердин-Ангус өндірушілерінің бұқаларын жалға аламыз. Осы тұқымның төлі 10-11 айында 350-400 келі болады»,- деді «Қаршыға» ШҚ басшысы А.Жетенов.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Ақтөбе ет кластерінің жоғары тиімділігін атап өтті.

- Менің ойымша, біз экономикалық нәтижеге шаруалар «Актеп» ЖШС-ны мысалға алып, кластерлерге біріккен кезде, горизонтальді кооперация есебінен қол жеткіземіз. Біз Актепке көмектесе отыра олармен жұмыс жасайтын ұсақ шаруашылықтарға да жәрдем береміз. Меніңше, біздің осы жолмен жүргеніміз дұрыс,-деп түйіндеді Ө.Шөкеев.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі