Ақтөбеде əлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған үй пайдалануға берілді

Ақтөбеде әлеуметтік қызметкерлерге арналған 5 қабатты үй пайдалануға берілді. Жаңа үйдегі пәтерлер білім, медицина, мəдениет жəне спорт саласының жұмысшыларына қызметтік баспана ретінде беріліп отыр. Мерекелік шарада Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пәтер кілттерін табыс етті.

Ақтөбеде əлеуметтік сала қызметкерлеріне арнап үй салу туралы ұсынысты өткен жылы облыс əкімі Бердібек Сапарбаев көтерген болатын. Жобаның инвесторы облыстық мəслихат депутаты, кəсіпкер Марат Итеғұлов. Алаңы 2920 болатын тұрғын үйде барлығы 70 пəтер бар. Олардың 47-сі екі бөлмелі, 23-і бір бөлмелі.

Айта кетейік, жуырда Ақтөбеде еңбек жастары үшін салынған шағын отбасыларға арналған жатақхана пайдалануға берілмек. Жоба "Жұмыспен қамтудың картасы 2020" бағдарламасының үшінші бағыты аясында жүзеге асырылуда. Жалпы аумағы 4,1 шаршы метр болатын жатахна 115 бір жəне екі бөлмелі пəтерден тұратын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі