Ақтөбеде алғашқы өңірлік ядролық медицина орталығының құрылысы басталды

Ақтөбеде 30 тамыз, сәрсенбіде болашақ ядролық медицина орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті.

Астанада ғана аналогі бар бірегей мекеме дүниежүзілік  жетекші зерттеулердің негізінде онкологиялық аурулардың ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Мәселен, мұнда ерте сатыдағы ісік ауруын клиникалық белгілері болмаған жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін позитрондық-эмиссиялық томография қолданылмақ.

Орталық қызметі тек ақтөбеліктерге ғана емес, өзге облыстан келген сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден келген емделушілерге де  қол жетімді.

Болашақ ғимараттың іргетасын қалаған облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асырылып жатқан құрылысқа  старт берді.

- Жобаны жүзеге асыру облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен  GE Healthcare өкілінің өткен жылдың қараша айында қол қойған  өзара түсінісушілік туралы меморандаумның арқасында мүмкін болды,-деп жеткізді Ербол Нұрғалиев.

Жобаға сәйкес, ядролық медицина орталығының жалпы аумағы мың шаршы метрден асады.

- Орталық екі блоктан тұратын болады. Біріншіден, бұл ауру ошағының орналасуын көрімдеуге көмектесетін GMP әлемдік стандарттарын қолдана отырып радиофармацевтикалық дәрі-дәрмектерді өндіру. 

Екіншіден, бұл GE Healthcare-дің жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың бірыңғай сызғышымен жарақтанған тікелей диагностикалық бөлімі. Осы блоктарды бір мекемеге қатар орналастыру азғантай мерзімдік  жартылай ыдырайтын изотоптарды тиімді пайдалануға, сонымен қатар, орталық жұмысын емделушілер легінің көбеюіне бейімдеуге  мүмкіндік береді,-деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын құрылысты 2018 жылдың қыркүйек айында аяқтау жаспарланған.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі