Ақтөбеде бірегей перинаталды орталықтың құрылысын бастайды

You are here

Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен ана мен баланы қорғау мақсатында Ақтөбеде жаңа перинаталды орталық салынатын болады.

Бұл туралы Ақтөбе облысының сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

- Перинаталды орталық Қазақстан бойынша баламасы жоқ бірегей болады. Құрылысты ағымдағы жылы бастап, екі жылдың ішінде салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Жалпы 2017 жылы 6 денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарланды. Оның екеуі республикалық бюджеттен, төртеуі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады. Соның ішінде, облыстық туберкулезге қарсы диспансер құрылысын жалғастыру да қарастырылған,-деді Серік Төленбергенов.

Әлеуметтік нысандар құрылысының барысын баяндаған басқарма басшысы қазіргі таңда Ақтөбе облысында 8500 оқушыға арналған 20 мектептің салынып жатқандығын айтты. 14 мектепті ағымдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріп, алты мектепті 2018 жылы салып бітіру жоспарда бар.

Бұған қоса, 2017 жылы 26 мектеп пен 25 денсаулық сақтау нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауғақаражат бөлінбек.

 

 

«Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы

Жаңалықтар таспасы