Ақтөбеде бір тәулікте 10 мың ағаш отырғызылды

Ақтөбеде жалпы қалалық сенбіліктерді өткізу жалғасуда. Қаланың тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері күректерін қолға алып, облыс орталығында 10 мыңнан астам ағаш отырғызды. Бұл шарадан облыстың басшылығы да қалыс қалмады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Достық» саябағының көгалдандыру жұмысына қатысты.

Бүгінгі күні оның аумағында Қытайдан, Түркиядан, Германиядан, Словакиядан, Ресейден және басқа елдерден келген 50 шетелдік компаниялардың ұжымдары 1000-нан астам көшет отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

«Күн өткен сайын Ақтөбе әдеміленіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, экологияны жақсарту және қаланы көгалдандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, Ақтөбе тұрғындарының бос уақытын өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Тек соңғы үш жылда Ақтөбеде 48 жаңа саябақ және алаңдар ашылды», - деді облыс әкімі.

Ол сондай-ақ азаматтарды облыс орталығын абаттандыруға және көгалдандыруға белсене қатысуға шақырды. Сенбілікке 8 мыңнан астам адам мен 100 техника жұмылдырылды, саябақтар, алаңдар мен көшелер 1,3 млн. шаршы метр аумақ тазартылды. Қоқыс алаңына 70 тонна қоқыс апарылды. 10 мың көшет (тал, қарағай, аққайың, терек, алма) және 500 бұта отырғызылды.

Табиғат және табиғат ресурстарын пайдалану басқармасының мәліметінше осы жылдың күзінде Ақтөбе облысында 40 мыңнан астам ағаш отырғызылады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі