Ақтөбеде ерекше балаларға арналған бірегей балабақша ашылды

Жоба өңірде жарияланған Бала жылына орай «Бақытты бала» жобасы аясында жүзеге асырылды. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған облыстық арнайы балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, жұртшылық және ерекше балалардың ата-аналары қатысты.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше назар аударылады. Біздің міндетіміз - оларды еліміздің лайықты азаматтары ретінде тәрбиелеу үшін жақсы жағдай жасау. Осы мақсатта 2018 жыл облыста Бақытты балалық шақ жылы деп жарияланды. «Бақытты бала» жобасының аясында көптеген іс-шаралар, қайырымдылық акциялар өткізіліп, ерекше балаларға арналған бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру, церебралды сал ауруы және аутизмге шалдыққан балаларға арналған алғашқы оңалту орталығы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жыл бойы демалыс лагері ашылады, - деді облыс әкімі.

Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Балабақшаның бірегейлігі сонда: бұл аутизм, сөйлеудің бұзылуы, тірек-қимыл жүйесі, Даун синдромы, ақыл-есі мен интеллектуалды дамулары бұзылған балалар түрлі диагнозбен тәрбиеленетін бірінші түзеу балабақшасы болып табылады. Олар үшін мектепке дейінгі мекемеде барлық қажетті жағдайлар жасалған, жоғары білікті мамандар тартылған, емдік-физикалық мәдениет кабинеті, бассейн, массаж, фитнес орталығы.

Бүгінгі күні облыста 5 мыңнан астам ерекше балалар тәрбиеленеді. Оның ішінде, 2 мыңнан астам балалар мектепке дейінгі жасында.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі