Ақтөбеде Еуро-5 стандартының 70 экологиялық автобусы қалалық бағыт бойынша жолға шықты

Ақтөбе Қазақстанда автобустардың муниципалды паркін жаңарту бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырған алғашқы қала болды. Облыс орталығының жолдарына Қостанайдағы Aллюр компаниялар тобының аумағында жасалған Ankai маркалы 70 жаңа автобус пен IVECO маркалы 10 мектеп автобусы шықты.

Бүгін облыс орталығында отандық өндірістің автокөлігі «ПАТП» ЖШС тасымалдаушысына тапсырылды. Облыс басшысының айтуынша, бұл Ақтөбе тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтерудің тағы бір қадамы.

- Халықтың әл-ауқатын жақсарту - Мемлекет басшысының алдымызға қойған басты мақсаты. Елбасының тапсырмалары аясында Ақтөбеде қоғамдық көлікті жаңарту үшін ауқымды пилоттық жоба іске қосылды. Сонымен қатар, жаңа автобустар барлық қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сәйкес келеді. Салондарда үш бейне камера қондырылған. Сонымен қатар, қосымша GPS датчигі орнатылады. Бұл диспетчерлер мен жолаушыларға бағдар бойынша өз қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Біз қаламыздың тұрғындарын үзіліссіз әрі сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін осы бағытта жұмыс істей береміз, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жалпы сыйымдылығы 56 жолаушыға арналған экологиялық таза автобустар Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін газ қозғалтқыштарымен жабдықталған. Олар алдыңғы буын автобустарына қарағанда экологиялық жағынан әлдеқайда таза және анағұрлым арзан. Жаңа көліктер қала ішінде және қала маңы жолдарында жүретін болады. Бұдан басқа, автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін көтергіштермен жабдықталған. Автокөліктерді сатып алу «ҚДБ-Лизинг» АҚ қаржылық лизинг бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды. Ақтөбе - қоғамдық көлік паркін жаңарту бойынша жаңа бағдарламаның шарттарын пайдаланған Қазақстандағы алғашқы қала.

- Шындығында, автобус тасымалын дамыту бағдарламасы тасымалдаушылар үшін үлкен мүмкіндер ашады: жақсы жағдайлардың көмегімен автопарктерді жаңартып, есесіне өндірушіден келесіде кепілді қызметі бар қолайлы жаңа көлік алуға болады, - деп атап өтті «СарыарқаАвтоПром» ЖШС директоры Сырым Семейбаев.

Ankai жаңа буынның жоғары технологиялық автобусы болып табылады, барлық техникалық стандарттарға және катафорезді қолдана отыра шанақты коррозияға қарсы өңдеуін қоса алғанда автокөлікке деген заманауи талаптарға сай. Қазақстандық мазмұнның Ankai маркалы автобустарындағы үлесі шамамен 35%, IVECO маркалы мектеп автобустарындағы үлесі - 70%.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі