Ақтөбеде заманауи жеңіл атлетика манежі және Ақпараттық технологиялар орталығы салынады

Ақтөбеде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңа нысандардың құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.

Үстіміздегі жылы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жеңіл атлетика манежінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жобаға сай ғимараттың жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метрді құрайды.

Өткен жылы Ақтөбеде заманауи Жекпе жек сарайы және «Олимп» хоккей модулі пайдалануға берілген болатын, биыл Теннис орталығы және 2500 мың орынға арналған Мұз сарайының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен жаңа спорттық және ойын алаңдарын салу, мектептерді спорттық жабдықтармен және түзету құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық жалғасуда.

Облыс басшысының пікірінше, жаңа спорттық нысандарды пайдалануға беру халық арасында бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының экономиканы сандық жүйеге көшіру тапсырмасы аясында «Smart Aktobe» жаңа ақпараттық технологиялар орталығы құрылады. «IT паркінің» жұмысы стартаптар және дамып келе жатқан ақпараттық компаниялар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Өткен жылы «Туған жерге тағзым» акциясының жүзеге асырылуы арқасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағыты бойынша облыстың экономикасына 29 миллиард теңге көлемінде бюджеттен тыс қаражат тартылды. Сондай-ақ, Шығармашылық академиясы, Өнер орталығы, «Жұбановтар әлемі» үйі және басқа да жобалар іске қосылды.

 

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі