Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1500 орынға арналған түзету мекемесі салынбақ

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың төрағалығымен өткен жиналыста Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел-қызметтік жұмысы қорытындыланды.

Облыс әкімдігінде болған жиынға облыстық ІІД, облыстық прокуратура, жергілікті полиция қызметі өкілдері, сабағаттық-кеңесші орган мүшелері, сонымен қатар ҚАЖ департаментінің жеке құрамы қатысты.

Облыстық ҚАЖ бастығы, әділет полковнигі Ернат Ақылжанов департаменттің жедел-қызметтік жұмысының 2016 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Оның айтуынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар шешілді.

ҚАЖД мекемелерінде атқарылған шаралардың нәтижесінде заңмен бекітілген тәртіп қолдау тапты. Арнайы контингенттермен орын алған қылмыс саны 2015 жылмен салыстырғанда 17-ден 4-ке, яғни 4 есе азайып, тыйым салынған заттардың түзету мекемесіне ену үлесі төмендеді.

- Пробация институты табысты дамып келеді. Жергілікті полиция қызметімен бірге бостандыққа шыққан және анықтау қызметінде есепте тұрған тұлғалармен алдын-алу шараларын жүргізу бойынша өзара жұмыстар жүзеге асырылуда. ҚАЖД, УКП, ЖПҚ құрылған бірлескен мобильді топтардың бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша 8 жедел алдын-алу іс-шаралары жүргізілсе, оның 4-еуі республикалық, 4-еуі өңірлік. Олардың қатарына аймақтық ІІБ қызметкерлерімен бірге есепте тұрғандардың тұрақты мекенжайын тексеру жұмыстары да кіреді,-деді Ернат Ақылжанов.

Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 23 компьютер алып, сонымен қатар Хромтау және Темір аудандарындағы пробация қызметінің 2 қызметкеріне баспана беру мәселесі шешілді.

Ұстау тәртібін бекіту, төтенше оқиғаларға жол бермеу, заң бұзушылық пен қылмыстың алдын- алу, жазасын өтеу шарттарын жақсарту, әлеуметтік-экономикалық оқуды, бос уақыт пен өзге де жеке және бұқаралық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, сотталушылар арасында орын алған заң бұзушылықтар саны 158-ден 81-ге дейін төмендеп, қасақана жасалған қылмыстардың жалпы саны 56-дан 39-ға азайды. 522 сотталушы жұмысқа орналастырылса, олардың 146-сы «Еңбек-Ақтөбе» бөлімшесінің кәсіпорындарына, өзге де жұмыстарға 219 адам, шаруашылық қызмет көрсету бойынша 157 адам орналастырылды. КА-168/5 мекемесінде жеке кәсіпкерлер жүн өңдеу және аяқ киім тігу цехын ашу жөнінде жұмыстар жүргізуде.

УКА-168/2 мекемесіндегі жазасын өтеуші 100 адам түзету мекемесі жанында жұмыс жасайтын Ақтөбе көпсалалы колледжінде жұмысшы мамандықтары бойынша білім алуда.

ҚР құқық қорғау жүйесін әрі қарай модернизациялаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың 2014-2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы билік пен бірге мемлекеттік-жеке серіктестік аясында типтік арнайыландырылған атқару мекемесінің құрылысы жоспарлануда. Осыған байланысты ҚАЖД 1500 орынға арналған түзету мекемесінің құрылысы үшін аумағы 40 гектар болатын жер телімін рәсімдеді.

Облыс әкімінің орынбасары департаменттің түрлі басқармалармен және мекемелермен бірлесе жұмыс жасауы аясында қол жеткізген жетістіктерін атап өтіп, ведомствоға жемісті жұмыстары үшін алғыс айтты.

- Соңғы жылдары түзету мекемелері шағын және орта бизнес субъектілерімен байланыс жасап, сотталғандарды жұмысқа тартуда. Департамент прокуратура органдарымен тиімді қарым қатынас жасап, теологтарды белсенді түрде тартып келеді, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында үлкен жұмыстар атқарылуда. Қазір біздің міндетіміз – рақымшылықпен бостандыққа шыққан тұлғаларды бейімдеу үшін жағдай жасау. 122 сотталушының 78-і ақпан-наурыз айларында бостандыққа шығатын болады. Олардың тең жартысы, яғни 46 адам Ақтөбедегі бұрынғы мекенжайына оралады, қалғаны аудандарға кетеді. Қала мен аудан әкімдері рақымшылыққа іліккендердің тізімін алды. Оларға

бостандыққа шыққандарды жұмыспен қамту, қажет болған жағдайда оқыту немесе қайта оқыту тапсырмасы берілді. Тізімдер сараптамасы бойынша бостандыққа шығатындарды 50 пайызының мамандық бойынша білімі жоқ, жұмыспен қамту органдары оларға кәсіптік білім алу жөнінде кеңестер берулері тиіс, -деді Асқар Шериязданов.

Жиын соңында түзету мекемесінің қызметкерлері жемісті жұмыстары үшін алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі