Ақтөбеде полиция және мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді

Ақтөбеде полиция жəне мемлекеттік қызметкерлерді кəсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгін Қазақстанда полиция жəне мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтуде. Тəртіп сақшылары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін атаулы күндерімен облыс əкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

Өңір басшысы "Үздік мемлекеттік қызметші" республикалық байқауының жеңімпазы Гүлмира Низароваға ноутбук пен алғыс хат табыс етті. Ақтөбе қаласы, Хромтау, Мұғалжар аудандары əкімдіктерінің бес қызметкері шипажайға жолдама алды. Сондай-ақ, облыс əкімінің алғыс хатымен ішкі істер органдарының үздік қызметкерлері де марапатталды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі