Ақтөбеде пошта бөлімшесіне келушілерге робот қызмет көрсетуде

Ақтөбе Қазақстандағы Қазпоштада цифрлық кеңсесі ашылған төртінші қала болды. Мұндай бөлімшелер қазірдің өзінде Астана, Алматы және Қарағандыда жұмыс жасайды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Халықтық кеңсенің» ғимаратында орналасқан цифрлық кеңсенің мүмкіндіктерімен танысты. Өңір басшысына гибридті банкомат жұмысы мен адам беттерін танып, сұрақтарға жауап бере алатын виртуалды көмекші Сәуле мен робот Қуаныштың жұмысы таныстырылды.

Осындай кеңселердің біреуі 20-ға жуық қызметкері бар бүтін бір пошта бөлімшесінің жұмысын алмастыра алады. Сонымен бірге цифрлық кеңсенің жұмысымен танысу кезеңінде клиенттерге қадағалау және таныстыру үшін тек екі қызметкер қызмет көрсетеді. Болашақта мұнда қызмет көрсету 24/7 жұмыс режимімен өзін-өзі қамтамасыз ету форматында ұсынылатын болады.

 - Цифрлық бөлімге келушілерге операторлар емес роботтар қызмет көрсетеді және бұл жерде барлық қызметті өз бетімен алуға болады. Коммуналдық төлемдерді төлеу және сәлемдеме жіберу, төлем карталарын бірнеше минут ішінде алуға болады, - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Сонымен қатар, цифрлық кеңсеге келушілер «Электронды кассир» жүйесінің постаматтары мен қызметтерін пайдалана алады.

- Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларында және өндіріске енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың негізгі мақсаты - экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеру, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, - деді облыс әкімі.

 Ол аталмыш жұмыстың облыс аудандарында жалғасатынын атап өтті. Осы бағытта «Қазақтелеком» АҚ-мен ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде.

 «Қазпошта» АҚ деректері бойынша биылғы жылы осындай 8 бөлім ашу жоспарлануда.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі