Ақтөбеде саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған халықаралық конференция өтуде

Ақтөбеде «Рухани жаңғыру жолындағы тарих тағылымы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі халықаралық «Болашақ үшін еске алу» саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Оның басында ҚР Президенті және Ақтөбе облысы архивінің материалдарынан дайындалған «Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1939-1945 жж.» тарихи-деректі көрмесінің ашылуы болды.   

Пленарлық отырысқа ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚХА өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ белгілі ғалымдар, тарихшылар, және басқа да шетелдік сарапшылар қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова Ақтөбе өңірі өткен ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның барлық аймағына келген қайғылы жағдайды толығымен көргенін айтты. Ресми мәліметтерге сәйкес, тек Ақтөбе облысында  қуғын-сүргінге ұшыраған 2 мың адам атылды. Елде жаппай аштықтан 2 миллионға жуық адам құрбан болды.

- Сонымен қатар, 30-40 жылдар көші-қон ағындарының күрт өсуімен сипатталады. Қазақстанға барлығы 5,6 млн адам қоныс аударылды. Барлық қиындықтарға қарамастан, қазақтардың ақкөңілділік пен қонақжайлылығының арқасында олар Қазақстаннан екінші отанын тапты. Бүгінде олардың ұрпақтары - біздің отандастарымыз. Біз бірге демократиялық, құқық негізіндегі мемлекет құрудамыз. Қиын жылдары оларға қолдау көрсеткен адамдарға алғысы ретінде этникалық топтардың өкілдері Алғыс ескерткіштерін тұрғызуда. Мұндай ескерткіштер қазір алты аймақта Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрғызылған. Бұл ескерткіштер өзара сыйластық, сенім, достық және барлық қазақстандықтардың бірлігінің жарқын символы болып табылады, - деп атып өтті Г.Әбдіхалықова. 

Өз кезегінде, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстанның бүгінгі және болашақ ұрпағы ең қорқынышты және қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеу мақсатында тарихын білуі және есте сақтау қажет, деп атап өтті.
 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қазақстандықтардың қазір тұрып жатқан және болашақ ұрпақтары  аса ауыр және қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін өз тарихын біліп, жадында сақтаулары қажет екендерін атап өтті.

Қазақстанда Тәулсіздік алған сәттен бастап тарихи естелікті сақтап қалудың үлкен жұмыстары жүріп жатыр. Президенттің ақталған азаматтарға көмек көрсету шаралары туралы жарлығы, сонымен қатар, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңы қабылданды. Прокуратура органдары 340 мыңнан астам азаматты ақтады, 14 «Естелік» кітабы шығарылды.

- Біздің халық сияқты қысқа уақыт аралығында соншама қайғы-қасіретті бастан кешкен халық аз. Он жылдың ішінде біз өз ұлтымыздың жартысын жоғалттық. Біз тарихты онда жазылған қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін ұмытпауымыз қажет. Сол үшін елімізде көп дүние жасалып жатыр. Біздің ата-бабаларымыздың  өзара түсіністік пен достық бейбітшілік дәстүрін сақтайтын Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Бүгінде біз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында біртұтас, айрандай ұйып отырған елміз. Бұл біздің басты қасиетіміз. Біздің күшіміз осыда. Сондықтан, біз біртұтас ел ретінде тоталитарлық тәртіп пен ашаршылық құрбаны болған жандарды ұмытпауымыз қажет,-деді облыс әкімі.

Ол сондай-ақ, ұйымдастырушыларға Ақтөбеде конференция өткізгендері үшін алғыс айтып, қатысушылардың жұмысына жеміс тіледі.

Қоса кетейік, конференция кезінде «Депортация тарихынан. Қазақстан. 1939–1945 жж» деректі жинағының үшінші томының тұсауы кесілді. Бұдан басқа, шетелдік сарапшылар Қазақстандағы қуғын-сүргіннің естелік жерлерін зерттеу және сақтау мәселелері жөнінде баяндама ұсынды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі