Ақтөбеде студенттерді жатақханалармен қамту 100% жуық құрайды

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету жөніндегі «Бес әлеуметтік бастама» үндеуінде айтылған Президенттің тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны туралы хабарлады.

Оның айтуынша өңірде жоғары білімге қолжетімділіак пен оның сапасын арттыру және студент жастардыңң жатақханада тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі ең тиімді шаралар алынуда.

Ақтөбеде 6 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді, оларда 22 мың студент оқиды. Олардың 2-уі - Т.Бегелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің әскери институты мен М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты.

«Қалған 4 жоғарғы оқу орнының жатақханаларындағы орын саны – 4667, іс жүзінде тұратын студенттер саны – 2747 адам. Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті студенттері үшін өзекті болыып қалып отыр. Медициналық университеттің 2020 орындық 4 жатақханасыы бар, ЖОО 436-ы студенті әзірше жатақханадағы орынға мұқтаж. Бұл мәсележақын арада шешімін табатын болады», - деп нақтылады Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.

 

 

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі