Ақтөбеде су тасқынына іс-шаралар табысты іске асырылуда

Бұл туралы Ақтөбе облысының ӨКҚ баспасөз-конференциясында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов айтты.

Қаланың жиі су басатын «Мәскеу», «Құрмыш», «Оторвановка», «Малышка», «ГМЗ» аудандарындағы көшелерден жаппай қар шығару жұмыстары жүргізілді. Одан басқа, Батыс-2 ықшам ауданындағы, Сәңкібай батыр даңғылындағы, Жаңақоныс кентіндегі (Шестихатка), Елек көшесіндегі арна-арықтар жүйесі және әуежай ауданындағы су бөлу арнасы, сондай-ақ, ауылдық округтердегі су жүретін жыралар  қардан, мұздан және қоқыстан тазартылды.

«Ақтөбе көшелерінен арнайы қалалық полигондарға 265000-нан астам текше метр шығарылды, сондай-ақ, 72433 текше метр еріген қар суы айдалды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 100-ден астам су айдайтын техникалар жұмыс істеді», - деп хабарлады Қуандық Қасымов.

Әрқайсысының көлемі 15 текше метрден асатын 15 бірлік су айдайтын техника, 20-дан астам өзі аударғыш машиналар, 10 жылжымалы сорғылар мен помпалар, 30 бірліктен астам ауыр техника, оның ішінде, бульдозерлер, крандар, эксковаторлар, тиегіштер, бара-аралар, тарлдар және басқалары қосымша тартылды.

Су тасқынына қарсы комиссия қала мен ауылдық округтердегі су басу қаупі бар учаскелерді қарап, бау-бақша массивтеріндегі үйлерді аралап, ахуалды түсіндіретін жадынама таратты.

Қуандық Қасымовтың айтуынша жағдай тұтастай алғанда тұрақты және бақылауда тұр, тұрғын үйлерді су басқан оқиғалары тіркелген жоқ, тұрғындары эвакуациялау болған жоқ. Ақтөбеліктер 57-17-22, 57-17-99 телефондары бойынша қалалық су тасқынына қарсы штабқа хабарласа алады. Қалалықтарға қолайлы болу үшін штабта 109, 57-17-82, 57-19-68 қосымша телефондары жұмыс істейді.

Ақтөбеде 20 наурыздан бастап көктемгі су тасқыны барысында жедел шаралар алу үшін қалалық су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейтінін естеріңізге сала кеткіміз келеді.

 

 

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі