Ақтөбеде "ЭКСПО-2017" көрмесіне билетер сататын ресми касса ашылды.

"ЭКСПО-2017" халықаралық арнайыландырылған көрмесін насихаттау мақсатында Ақтөбе облысын 
ЭКСПО-2017-нің ресми серіктестері «SkyWay» туроператоры жұмыс сапарымен келді.  Соған орай Ақтөбе қаласы мен барлық аудандардағы кәсіпорындарда, мектептер мен колледждерде, ЖОО-да, медициналық мекемелерде  кездесулер өтті. Кездесу барысында көрменің тұсаукесері жасалып, көрмеге қатысушы елдер, ұлттық жəне инновациялық павильондар, жұлдыздардың қатсуымен өтетін ауқымды шаралар , сонымен қатар ЭКСПО-2017-нің атынан ресми билеттер мен турпакеттер бойынша арнайы  ұсыныстар   туралы толыққанды ақпараттар берілді. 
Халықаралық арнайыландырылған көрмені ұйымдастыру кезінде 3000 жуық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. 
Бүгіннен бастап ақтөбеліктер билеттерді «Kеруен»  ойын-сауық орталығының MARWIN дүкендері мен "Қазпошта" АҚ Ақтөбедегі  бөлімшелеріненді, сонымен қатар «ЭКСПО-2017» ресми сайтынан  сатып ала алады. 
 ҰОС ардагерлері мен соларға теңесетін тұлғалар, барлық топтағы мүгедектер, жетім балалар мен 6 жасқа дейінгі балалар тегін кіре алады.

Оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлер мен көп балалы отбасыларға билет 50% жеңілдікпен сатылады. Билет құны көрмені аралау уақытына байланысты. 
Бекітілген мерзіммен жұмыс күндері 
 4 000 теңге, демалыс күндері 6 000 теңге. 

 

Ашық мерзімнің жұмыс күндері 6 000 теңге, демалыс күндері 8 000 теңге.
Еске сала кетейік,  ЭКСПО-2017 халықаралық арнайыландырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек арасында 93 күн бойы өтеді. Оған 115 ел мен 18 халықаралық ұйымдар қатыспақ. Көрмеге екі миллион адам келеді деп күтілуде. Келушілердің жалпы саны 5 миллион адамды құрайтын болады. «ЭКСПО-2017» көрмесі кешенінің жалпы алаңы 174 гектарды құрайды, мұнда 35 нысан салу жоспарланып отыр. Қазақстанның ұлттық павильондары, үздік тәжірибелер аймағы,  тақырыптық жəне корпоративтік павильондар орналасатын көрме аумағының алаңы 25 гектарды құрамақ. 

"Ақтөбе ақпарат " ақпарат орталығы