Ақтөбеде қазақстандық-израильдік бизнес форум басталды

Қазақстан мен Израильдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту үшін В2В форматына кездесу өтті. Кездесуде өңірдің экономикалық әлеуеті таныстырылып, инвесторларды ынталандыратын табысты жобалар көрсетілді. Форум ұйымдастырушылары Ақтөбе облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасындағы Израиль елшілігі.

Форумға Ақтөбе облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті елшісі Михаэль Бродский, ауыл шаруашылығы кешені, медицина, жасыл экономика, өнеркәсіп, ақпараттық технология және тағы да басқа салалардың израильдік және ақтөбелік компания басшылары қатысты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Израильдің арасындағы ынтымақтастық жаңа әрі үдемелі даму сатысына өтті. Қазақстанда израильдік капиталдық қатысуымен 270 кәсіпорын бар. Қарым-қатынас құрылыс, мұнай-газ, металлургия, тау кен және өңдеу өнеркәсібі, фармацевтика және сауда саласында жақсы дамыған.

2016 жылы Ақтөбе облысы мен Израиль арасындағы тауар айналымы 63,1 мың АҚШ долларына жетті. Импортқа көкөніс, цитрусты жеміс пен кептірілген жеміс, сонымен қатар пластмассадан жасалған бұйымдар кірді.

* Израильде шағын және орта бизнестің үлесі 98 пайызды құрайды. Біз үшін осы саладағы тәжірибелеріңіз маңызды. 2012 жылдан бастап біз «МАШАВ» халықаралық ынтымақтастықты даму Агенттігімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Олардың қолдауымен жас және әйел кәсіпкерлерге арнайы семинарлар ұйымдастырылды. Арнайы курстарда білім алған 12 түлек Израильдің шағын және орта бизнесті дамыту және мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибелерін іске асырып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында 1996 жылдан бері «Шалом» еврей этномәдени бірлестігі жұмыс істеп тұр. Бірлестік 20 жылда облыстағы барлық еврейлердің басын біріктірді. Біздің ойымызша, ынтымақтастықтық осы үлгісі Ақтөбе облысы мен Израиль арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септік ете алады,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев елші Михаиль Бродскиймен кездесуінде.

Форум кезінде инвесторларға ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиясының дамуы, Ақтөбенің инвестициялық әлеуеті мен мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің мүмкіндіктері таныстырылды.

Әкім қонақтарға аймақтың мүмкіндіктерін, соның ішінде географиялық орналасқан жерін, еліміздік маңызды стратегиялық діңгегі, минеральды шикізатқа бай, негізгі ресурстардың арзан екенін айтып берді.

Өз кезегінде Израильдің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі алдағы уақытта Қазақстанмен, атап айтқанда Ақтөбе облысымен ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

- Бүгінгі кездесудің нәтижесінде израиль бизнесінің қазіргі таңда жемісті жұмыс жасап жатқан ауыл шаруашылығы, медицина және қауіпсіздік

секілді үш бағытының нақты жобалары жүзеге асырылатындығына сенімдімін.

Израильдік компаниялар көп жылдардан бері Қазақстан нарығында жұмыс жасап келеді. Бұл біздің Ақтөбе облысындағы алғашқы тәжірибеміз болмақ. Форумның нәтижесінде жаңа жобаларды бастап, Ақтөбе облысы мен Израильдің игілігі үшін бірлесе жұмыс істейміз деп ойлаймын.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі