Ақтөбеде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды

Қоғамдық қауіпсіздікті қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың қатысуынсыз қамтамасыз ету мүмкін емес, бұл мақұлдау 20 қыркүйекте Ақтөбеде өткен тұрғындардың қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі дөңгелек үстелдің басты түрткісі болды. Облыс әкімдігі мен облыстық прокуратура ұйымдарстырған дөңгелек үстелге үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, ардагерлер, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес субъектілерінің өкілдері сынды 200-ден аса адам жиналды.

- Кез келген мемлекеттің дамуы мен болашағы тұрақтылыққа, заңдылықты, құқықтық тәртіп пен тәртіпті сақтауға байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғам тұрақтылығы – Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарының негізі екенін айрықша айтып отырады, - деп атап өтті отырысты ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Оның сөзінше, дөңгелек үстел 12 қыркүйек күні өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесудің өзіндік жалғасы болып табылады. Ол кезде әңгіме қазіргі жастардың рухани-адамгерішілік тәрбиесі жайында болатын. Бүгін өңір басшысы мемлекеттік билік органдары мен азаматтық қоғамның барлық институттарын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласында бірігуге шақырды.

- Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оң нәтиже беріп жатқан шаралар кешенін қабылдауда. Бұған қоса, қылмыс деңгейін төмендету мен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етудегі түбегейлі өзгерістерге бүкіл қоғамның қолдауынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Тұрғындардың кез келген, тіпті ұсақ құқықбұзушылыққа деген «нөлдік шыдамдылығын» тәрбиелеу міндеті халықтың барлық бөлігі, барлық азаматтық қоғам институттары қатысқанда ғана орындалады, - деген сенімде облыс әкімі.

Дөңгелек үстел кезінде өзара әрекет етудің жаңа әдістері мен қоғамды құқықбұзушылықтың алдын алуға тарту проблемалары туралы пікірлер алмасты. Бұдан басқа, Ақтөбе қаласы бойынша мүлік ұрлығының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жоспардың орындалуы туралы баяндама ұсынылды.

- Бұл дөңгелек үстелдің жалғасы қоғамда аңғарымпаздық элементтерін жасау, көрші бақылауы, құқықтық тәртіп күштерін ұрланған заттарды сатып алушылар, қару немесе өзге де тыйым салынған заттарды сақтайтын тұлғалар, жастарды антиқоғамдық әрекеттерге тартатын тұлғалар және т.б. туралы заманауи ақпараттандыру шараларының кешенді жүйесі болу керек. Қоғам қолдау көрсеткенде ғана барынша нәтижелілікке қол жеткізетініміз түсінікті, - деді облыс прокуроры Марат Қайыбжанов пікірталастың қорытындысында.

Жалпы, дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша заңдылықты нығайту, құқықтық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етудегі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласының әкімдігі мен қоғамдық кеңес «Аула тәртібі (Көрші бақылауы)» бағдарламасын жасау туралы меморандумға; облыс әкімдігі, ІІД және ата-аналар кеңесінің өкілдері жастар ортасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу сұрақтары бойынша үшжақты меморандумға; ІІД мен Нарықтар мен бизнес субъектілері ассоциациясы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзара әрекет етуді көтеру туралы меморандумға қол қойды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі