Ақтөбеде Қытай халқы азаматтары үшін Димашқа арналған тур маршрут әзірленіп жатыр

Қытай халқы азаматары үшін Ақтөбеде Димашқа аранлған тур маршрут әзірленіп жатыр.Бұл туралы Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік қытай елінде аты шыққан жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің Астана қаласында 27 маусым күні «Бастау» атты шығармашылық кеші өткізілмек. Концерттен бөлек, аспан асты елінің жанкүйерлері Димаштың туған жері, тұрғылықты үйі, отбасымен танысқысы келеді. Осыған байланысты өңірдегі туристік компаниялар туристік маршрут ұйымдастыруда.

- Өздеріңіз білетіндей жерлесіміз Димаш тек қана қытайды емес әлемді мойындатты. Бүгінде Ақтөбеге келушілердің қатары көбеюде. Соның бірі қытай елінің азаматтары Ақтөбеге асық. Біз барлық жұмыстарды қоса атқарып жатырмыз. Концертке дейін, немесе концерттен кейін 2000-нан астам қытайлықтар өңірге келеді. Оларға қосымша Ақтөбенің көрікті жерлерін көрсету үшінде қосымша маршруттар жасап жатырмыз, дейді – басқарма басшысы Ермек Кенжеханұлы.