Ақтөбеде 8-мыңға жуық жұмыс орны ашылады

You are here

Ақтөбе облысының 2016 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары облыстық әкімдікте өткен кеңесте талқыланды. Шара облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өтті.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашеваның хабарлауынша, 20 маусымдағы жағдай бойынша аймақта өнеркәсіптік өндіріс, тартылған инвестиция көлемі, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны азайған. Сонымен бірге, жартыжылдықтың соңына қарай құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар 100 пайыз орындалады деп болжанып отыр. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізуде Байғанин, Мұғалжар, Шалқар және Хромтау аудандарындағы құрылыс жұмыстары көлемінің айтарлықтай артуы маңызды рөл атқарады.

РУЗИЯ АЙДАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында жұмыссыздық деңгейі 0,5%  болады деп күтілуде, бұл өткен жылғы көрсеткішпен бірдей. Сонымен бірге алғашқы жарты жылдың қорытындысы бойынша 7800 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Айта кетейік, осы жылдың 6 айында аймақта 193,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 2015 жылдың 6 айымен салыстырғанда 6,5 %-ға артық.  Ауыл шаруашылығында да өндіріс артқан. 2016 жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 54,4 млрд. теңге немесе өткен жылдың алты айына шаққанда 102 %-ды құрап отыр.  Өңір басшысы сонымен бірге инфляция деңгейі мен азық-түлік тауарлары бағасын, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейін арттырмау үшін барлық шараны қолға алу керектігін жеткізді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Отырыс соңында аймақ басшысы мәселелерді шешу жолдарын анықтау мақсатында әртүрлі саладағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің төмендеу себептерін саралап, өңір экономикасын қолдау және дамыту шараларын күшейтуді тапсырды.

 

Жаңалықтар таспасы