Ақтөбеліктер мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Ал Ақтөбе қаласында жеңіс мерекесі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. "Адамзат тарихындағы сұрапыл соғысқа 122 мың ақтөбелік алынды. Ұлы отан соғысы ардагерлерінің ерлігі мен мен еңбегі ешақашан ұмытылмайды. Неміс басқыншыларына қарсы күресте жанқияр ерлік көрсеткен жауынгерлерге қоғамның көзқарасы әрқашан ерек". Бүгін Мәңгілік алау жанында ақтөбеліктерді құттықтаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың табы ұрпақтар санасынан өшкен жоқ. Мәңгілік алау алдына жиналған жұртшылық жеңістің жетпіс бір жылдығын тебірене қарсы алды. Басқыншыларға қарсы күресте майдан даласындағы батырлар мен мен қатар тылдағы мыңдаған еңбеккерлер жеңіске үлес қосты. Соғыста атылған әрбір үшінші оқ қазақ даласында құйылды. Ал жерлестеріміз Мәскеу, Ленинград пен Украина мен Беларус жерлерін азат етуде ерекше ерлік көрсетті. Бүгінгі ардагерлер арасында Рейхстагка ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін көргендер бар. Мерекелік шара аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жауынгер ұрпақтың ерлігі ешқашан ұмытылымайтындығын айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ардагерлер, тыл еңбекккерлері мен қатар зейнеткерлер - мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бұл күні зұлмат соғыста қаза тапқан, соғыстан кейінгі өмірде кеңестің қайнаған қазанында еңбегімен ерекшеленген аталарының суреттерін ұстап шыққан тұрғындар да көп болды. Олар өз ата-бабаларын мақтаныш етіп, келесі буынға ерліктерін жеткізу міндетіміз десті.

ГҮЛНАР  САРБӨПЕЕВА, СОҒЫС АРДАГЕРІ ДІЛМАҒАМБЕТ  ЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ НЕМЕРЕСІ

Екінші дүниежүзілік соғысында майдан даласында 1 млн 800 мың қазақстандық шайқасты. Жүз мыңдаған отандастарымыз орден, медальдармен марапатталды. 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Мұның бәрін жастардың санасына сіңіру аға ұрпақтың парызы десті көпшілік.

КЕҢЕС БІРМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мәңгілік алау алдындағы салтанатты шараға күштік құрылымдар мен әскери бөлімдердің сарбаздары, сонымен қатар саптағы жауынгерлер толық қатысты. Салтанаттық шара патриоттық әндерге ұласып, жастар театрландырылған қойылым ұсынылды. Бейбітшілікті насихаттайтын көрініс жүректі тербеді. 

Қосылды: 
09.05.2016 - 12:03
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2016 - 15:31