Ақтөбеліктер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен тегін депозит аша алады

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депазит ашқан үшін комиссия ұстамайтын болды. Бұл туралы «ҚТҚЖБ» АҚ АОФ директоры Бауыржан Жуаспаев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның сөзінше, «ҚТҚЖБ» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен ағымдағы жылдың 3 сәуірінен бастап тұрғын үй құрылысы жинағы туралы келісімшартқа қол қойғаны және келісімшарттық соманы көбейткені үшін алынатын комиссиялық алым 0 (нөл) теңге көлемінде бекітілді.

- Салымшылар жаңа шартты жоғары бағалады. Егер 2016 жылы орта есеппен күн сайын 60 жаңа жинақ ашылса, өткен аптада барлық рекордтар жаңартылып, күніне орта есеппен 220 жинақ ашылды. Өсім 3,6 есе көп,-деп хабарлады Бауыржан Жуаспаев.

Бұдан бұрын тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісімшартқа қол қойғаны және келісімшарттық соманы көбейткені үшін алынатын комиссиялық алым мөлшері келісімшарт пен көбейтілетін депозит сомасының 0,55% құраған болатын.

«Ақтөбе ақпарат» орталығы