Ақтөбеліктер Қазақстанның Тәуелсіздік күнін кең көлемде мерекелеуде

Ақтөбеде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік түлеткен Мәңгілік ел» атты салтанатты шара өтті. Шараға ардагерлер, қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың, партиялар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиналғандарды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мерекелерімен құттықтады.

- Еліміздің басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрам барлық қазақстандық үшін қасиетті. Біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы оқиғаларды терең түсіне отыра Президентіміздің даналығы мен көзқарасын құрметтейміз және осы қиын жылдары өз Көшбасшысының басшылығымен бірлікті сақтап қалған барлық қазақстандықтарға алғысымызды білдіреміз», - деді Б.Сапарбаев.

Сөз алған облыс әкімі өңірдің 2017 жылы қол жеткізген жетістіктері жайында тоқталды.

Ол алдын ала нәтижелерге сәйкес барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілгенін атап өтті. 37  мектепке дейінгі балалар мекемесі ашылып, 15 мектеп пайдалануға берілді, 32-сінің құрылысы жүріп жатыр. МЖС мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің  жеке инвестиция көлемі  шамамен 50 млрд. теңге болатын 125 жобасы табысты жүзеге асырылуда.

Бірқатар әлеуметтік жобалар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен салынған, олардың қатарында атаулы мереке өткізілген Қазақстанның батыс өңіріндегі ең ірі «Өнер орталығы» бар.

- Осының барлығы біздің азаматтарымыз үшін, ақтөбеліктердің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту үшін жасалып жатыр. Осы жылы біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» форумын өткіздік. Оған жиырмадан астам алыс-жақын шетелдерден келген 300-ге тарта жерлестеріміз қатысты.  Олардың дені туған жерлерінде 20-30 жылдан астам уақыт бойы болмаған және облыстың даму қарқыны мен қайта салынған әлеуметтік-мәдени нысандарды көріп таңғалды. Бұған әр ақтөбеліктің, осы залда отырған әрқайсысыңыздың қосқан еңбектеріңіз зор, -деді өңір басшысы.

Кейін өңір басшысы облыстың көзге түскен тұрғындарына мемлекеттік марапаттарды  салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ, осы күні Ақтөбе қаласы мен облыстың өзге де елді мекендерінде  отыз әлеуметтік, өндірістік және коммерциялық нысандар пайдалануға берілді. Қарғалы, Ырғыз, Темір және Хромтау аудандарының тұрғындары қоныс тойын тойлады. Байғанин және Хромтау аудандарының ауылдарында жаңа балабақшалар ашылды.

Бірқатар жаңа медициналық мекемелер ашылды. Қобда ауданының Терісаққан, Мәртөк ауданының Родниковка және Хромтау ауданының Абай ауылдарында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынған дәрігерлік және фельдшерлік амбулаториялар алғашқы емделушілерін қабылдады.

Әйтеке би ауданының Үшқатты және Тереңсай ауылдарында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Қандыағашта Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш қойылды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі