Ақтөбеліктер 9 жасар баланы іздестіруде

Бұл туралы Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында 9 жасар Біржан Ерсайыновты іздеу шараларыжалғасуда. Бала 13 сәуір күні Жаңақоныс ауылында жоғалып кеткен. Көшеге балалармен ойнауға шығып кеткен 4-ші сынып оқушысы кешке қарай үйіне оралмаған. Ұлдарының кешіккеніне алаңдаған ата-анасы дабыл қаққан.

Ресми емес деректерге сүйенсек, Біржан мұзға секіріп, сынып кеткен мұз баланы ағыспен алып кеткен.

- Баланың жоғалғандығы туралы дабыл түскен бойда барлық күштер көтерілді. Оның суға құлап кеткенін көрген достары қорқып кетіп, бұл туралы ата-аналарына дер кезінде хабарламаған. Іздестіру жұмыстарынажергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметінің, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, тұрғындар, барлығы 40 адам жұмылдырылды. Екі тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз, алайда, өкінішке қарай нәтиже жоқ,-деді Бауыржан Сыздықов.

ТЖД басшысының айтуынша көктемгі жылымықтың салдарынан өзенінің арнасы көтеріліп, ағысы күшейгендіктен, іздеу шараларына кедергі келтіруде.

«Ақтөбе ақпарат» орталығы