Ақтөбелік бастаушы кәсіпкер әлеуметтік жобасын жүзеге асыру үшін 3 млн теңге алды

Ақтөбеде Қазақстанда тұңғыш рет қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекет, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тиімді серіктестікті жолға қоюды негізгі мақсат тұтқан «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ серіктестігі» атты халықаралық форум өтіп жатыр.

Ірі шараның өтуіне бастамалық етуші – облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Әңгімелесу алаңына мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері, сонымен қатар, қоғам қайраткерлері мен Қазақстан, Израиль, Түркия, Польша, Грузия, Қырғызстан және т.б. елдерден келген  әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар шақырылды.

Форумның тақырыбы өте пайдалы, ол Ақтөбе облысында 2018 жылдың сәуірінде басталған «60/15» бастауыш кәсіпкерлерді қолдаудың өңірлік пилоттық байқауының мақсаттарына жауап береді. Байқау кәсіпкерлікті, соның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлікті насихаттау, тәжірибелі кәсіпкерлердің бастауыш кәсіпкерлерге жетекшілік тәжірибе енгізу, сонымен қатар, авторы ақтөбеліктер болып табылатын инновациялық соны бизнес жобаларды қолдау мақсатында өткізілуде.

Екі кезең барысында жарияланған 60 жобаның 15-і іріктеліп алынды. Комиссияның пікірі бойынша жобасы үздік деп танылған кәсіпкер Абзал Әбдуәлиев облыс әкімінен 3 млн. теңге көлемінде грант алды. Алғалық кәсіпкер осы қаражатқа өзінің мал шаруашылығы саласындағы жобасын жүзеге асыра алады.  Қалған 14 адам «БЖК-2020» шеңберіндегі гранттық байқауға қатысу үшін ұсынылмақ. Осы мақсатқа биыл 40 млн теңге қарастырылған.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі