Ақтөбелік кәсіпорындар ЭКСПО-2017–нің құны 43 млрд болатын 18 технолгиясын енгізуде

Ақтөбе облысының кәсіпорындары мен тұрғындары Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді ат салысты. Бұл туралы Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда алғаш рет поскеңестік кеңістікте жаңа технологиялар мен инвестицияларды тарту және енгізу мақсатында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі сәтті өткізілді. Жалпы, көрмені 140 мың ақтөбелік көрсе, оның 92-сі - облыстың анағұрлым ірі кәсіпорындарының өкілдері, 20 мыңнан астамы - өз өндірістеріне алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу мүмкіндіктерін үйренген кәсіпкерлер»,- деді Б.Сапарбаев.

Нәтижесінде облыстағы кәсіпорындар ҚР президентінің тапсырмасына сәйкес көрмеде ұсынылған 18 үздік әлемдік технологияны таңдап алды. Оларды трансферттейтін инвестициялық көлемі 43 млрд теңге.

Аталмыш технологияларды қолдану өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, энергияны тұтыну мен еңбек өнімділігінің тиімділігіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ-да «Жаңғырту 3.0» бағдарламасы аясында жапондық өндірушілердің өнімнің өзіндік құнын 7% төмендетіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін сутектік қозғалтқыштары қолданылмақ.

«Ақбұлақ» АҚ-да ұңғымаға электр энергиясын беру үшін неміс технологиясы бойынша желдік электр бекеттері қолданылатын болады. Бұл еңбек өнімділігін 15% арттырып, қоршаған ортаны ластамауға мүмкіндік береді.

«Болашақ» шаруа қожалығы ауыл шаруашылық қалдықтарын чех технологиясы бойынша қайта өңдеуді қарастырып отыр. Өндірілетін биоотын ғимаратты жылыту үшін пайдаланылатын болады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі