Ақтөбелік тұрғындар сенбілік кезінде 680 тоннадан астам қоқысты шығарды

15 наурызда Ақтөбе облысында елді-мекендерді жақсарту, санитарлық тазалау мен көгалдандырудың үш айлығы басталды. Оны іске асыру барысы туралы табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалану басқармасының басшысы Нұржан Аққұл және Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов хабарлады.

Н.Aққұл биыл бірінші облыстық сенбілікке 8,6 мыңнан астам адам  қатысып, оған 183 бірлік техника тартылды деп хабарлады. Олардың күштерімен 596 көшенің, 65 парк пен алаңдардың қоқыстары тазартылды. 190 қоқыс алаңы анықталды. 683 тоннадан астам қоқыс сыртқа шығарылды. Абаттандыру ережелерін бұзған заңды және жеке тұлғаларға 449 ескертулер беріліп, алтауына 96 мыңнан астам теңгеге айыппұл  салынды.   

Баяндамашыларды тыңдап болған соң Бердібек Сапарбаев уәкілетті органдарға жол жөндеуге, жеке және қоғамдық ғимараттардың қасбеттерін жөндеуге ерекше назар аударуды және жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ол соңғы күндері Ақтөбеде қоқыстарды шығарумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысы көптеген сынға ұшырағанын атап өтті.            

 - Күн сайын адамдар қоқыс төгу және қоқыстардың уақытылы шығарылмауы туралы шағымданады. Қызмет көрсетесіз бе – сапалы және үздіксіз орындаңыз. Тазалық пен тәртіп сұранысы қатаң болады, - деді облыс әкімі коммуналдық кәсіпорындар өкілдеріне.

Елді мекендерді көгалдандыру мәселесі жеке талқыланды. Биылғы жылы 73 мыңнан астам ағаштың 25 түрін отырғызу жоспарланып отыр. Жұмыстар осы аптада басталады. Өңір басшысы жол бойындағы барлық қу ағаштардан босатып, орнына жаңадан жас көшеттер мен бұталарды отырғызып, олардың жоғары өмір сүру қарқынын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды, сондай-ақ автомобиль жолдары бойындағы қар тоқтататын орман алқаптарын мұқият бақылауды талап етті.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі