Ақтөбелік шаруалар 2018 жылы асыл тұқымды 11 мың бас мал асырауды жоспарлауда

10 наурыз, сенбі күні облыс әкімдігінде ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының, бизнес бірлестіктердің, банк жүйелерінің, даму институттары мен өңдеуші кәсіпорындардың өкілдері қатысқан жиында Ақтөбе ет кластерін дамыту, сонымен қатар, Қазақстандағы тұңғыш шаруаларға қызмет көрсету орталығын құру мәселелері талқыланды.

- Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы мал шаруашылығын дамытудың түбегейлі шараларын қабылдауды тапсырған болатын. Бұл жерде әңгіме етпен қатар сүт бағытын да дамыту жайында. Өңірде белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ әзірге елеулі нәтижелер жоқ. Мал басының жылына 3-4 пайызға өскені жеткіліксіз. Біздің басты мақсатымыз – мал өнімінің импорттынан бас тартып, экспорт көлемін арттыру, - деді жиында облыс әкімі.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай баяндағандай, бүгінде облыс аудандарында осы бағытта жұмыс жасауға қызығушылық танытып отырған 16 ірі шаруа қожалықтары анықталды.  Биыл 11 мың ірі қара мал басын, соның ішінде мыңдаған бұқа бағу жоспарда бар. Мал сатып алуды субсидиялауға респабликалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Ақтөбе республикадағы «Шаруаларға қызмет көрсету» пилоттық жобасын жүзеге асыратын алғашқы қалаға айналады. Онда ауыл шаруашылығын өндірушілер «бір терезе» қағидасы бойынша қажет қызметтердің толық  жиынтығын ала алады.

Жоба аясында мал өткізетін бірыңғай электронды база енгізілмек, тірі мал мен ауыл шаруашылығы техникасын сататын аукцион мен алаң ұйымдасттырылған. Сол жерде шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсететін қаржы институттарының өкілдіктері орналасады.

Жобаны МЖС негізінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы, Орталықты құру келесіде ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі түрде  түрткі болатын ірі қара мал саудасында әділ баға мен айқындылықты орнатуға, ветеринарлық және азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиынды түйіндеген өңір басшысы қысқа мерзім ішінде облыс аудандарында ет кластерін дамытатын «зәкірлі» шаруа қожалықтарының тізімін жасап бітіруді тапсырды. Ол сондай-ақ, өңірдегі эпизотты жағдайларды қадағалау жағын күшейтуді баса айтты.

- Шаруаларға қызмет көрсету орталығын құру идеясын Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдаған. Енді біз оны тезірек жүзеге асыруымыз керек. Ең соңғы мерзім – осы жылдың үшінші тоқсаны. Меніңше, мұның нақты нәтижесін шаруалар ғана емес, халық та сезінетін болады. Жобаны жүзеге асыру, ақыр соңында, өзіндік құнды, өндіріс шығындарын азайту және қажетсіз делдалдарды жою арқылы ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді », - деді Бердібек Сапарбаев.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі