Ақтөбелік шаруалар 2018 жылы ауыл шаруашылығы алқаптарының 750 мың гектарына егін егеді

4 мамыр, жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Алға ауданының егін егу, жол құрылысы жұмыстарын тексеріп, тұрғындармен кездесті.

Қарағаш ауылдық округінде орналасқан «Айдана» шаруа қожалығының алқабында өңір басшысы облыстағы жүзге тарта ауыл шаруашылығын өндіруші кәсіпорындардың басшыларымен кездесті. Оған сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарлары, тиісті мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысты.

Бірінші жарты жылдық қорытындыланып, ағымдағы жылдың негізгі міндеттері анықталды.

- Біз егіс алқаптарын пайдаланылмаған жерлерді тиімді айналымға енгізу есебінен үлкейтуді жалғастырамыз. Бұдан бұрын сіздермен отырған келісімшартқа сәйкес биыл кем дегенде 754 мың гектар жерге егін егілу керек, бұл шамамен  былтырмен салыстырғанда 15 пайыз көбірек. Бұдан басқа, ЕҚҚДБ-мен отырған келісімнің арқасында кем дегенде 8 мың гектар суармалы жерді пайдалануға береміз. Президент тапсырмаларына сәйкес, басты міндет – облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімді импорттауды азайтып, экспорттауды арттыру,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі шаруаларды ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін, соның ішінде мал шаруашылығын әрі қарай арттыру үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

- Биылғы жылдың бірінші тоқсаны жақсы аяқталды - 104 пайыздан астам өсім байқалды, сіздер өнімді шамамен 30 миллиард теңгеге өндірдіңіздер. Осы қарқынды ұстауымыз қажет. Мал шаруашылығының өсу қажеттілігін қоса алғанда, бүгінгі күні бұл 3-тен 7 пайызға дейін, алайда малдың санын жылына кем дегенде 10 пайызға арттыру мүмкіндігі бар. Бұлар жай ғана цифрлар емес, олардың барлығы негізделген, нарыққа және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетіне терең талдау жасалды - деді аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларын дамыту және ақылды технологияларды енгізу арқылы шаруалардың еңбек өнімділігін арттыру басымдық болып қала беретінін атап өтті. Ол сондай-ақ мемлекеттік органдарға егін егу науқаны кезінде туындауы мүмкін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің проблемалық мәселелерін жылдам шешуге нұсқау берді.

Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің мәселесі де қозғалды.

- Әлеуметтік міндеттемелер. Өкінішке орай, осы бағытта көптеген адамдар әлсіз жұмыс істейді немесе мүлде жұмыс істемейді. «Туған жерге тағзым», «Бақытты бала» акцияларына атсалысып, «Аналарға тағзым» орталығының құрылысына қатысыңыздар. Ең бастысы - қызметкерлеріңізге әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпаңыз, лайықты еңбек жағдайларын жасаңыз, олардың әл-ауқатын жақсартыңыз, - деді Бердібек Сапарбаев шаруаларға қарата.

Жұмыс сапары Амангелді, Болгарка және Сарықобда ауылдары тұрғындарымен кездесумен және «Рүстем», «Реймкул» және «Энергия» шаруа қожалықтарының қызметімен танысумен жалғасты.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Алға-Қарабұлақ» жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 2016-2017 жылдары барлығы 54 шақырым жол жөнделді, биыл қалған 18,7 шақырым асфальт жөндеуге 250 миллион теңге бөлінді. Учаскідегі жұмыстарды «Ақтөбе ГорДорСтрой» ЖШС жүргізеді.

Облыстық маңызы бар «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автожолын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аймақ басшысы автокөлік жолының 82 шақырымындағы «Сарықобда» өзені арқылы өтетін автокөлік көпірінің күрделі жөндеу барысымен танысты, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарының мерзімі мен шығынын азайтатын жол бетінің негізін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жөндеудің инновациялық «ресайклингтеу» әдісі қолданылып жатқан 50-52 шақырым жерді қарап шықты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі