Ақтөбенің медициналық кластерінде 400-ден астам күрделі оталар жасалды

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан бойынша алғаш ашылған «Aktobe Medical Center» медициналық кластерінің дамуы туралы әңгімеледі.

Бүгінгі таңда аталмыш кластер негізінде 400-ден астам жоғары технологиялық оталар жасалса, оның ішінде бауыр мен бүйректі ауыстыру бойынша оталар да бар.  Жаңа технологияларды әзірлеу мен енгізудегі әріптестер Оңтүстік Корея, Польша, Түркия және т.б. елдеріндегі ең мықты дәрігерлер мен медициналық ұйымдар болып табылады.

Медициналық кластерді дамытуда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетіктері белсенді қолданылуда. МЖӘ шеңберінде түрік инвесторлары 2,4 млрд. теңге тұратын жедел жәрдем станциясын салды. Батыс Қазақстандағы бірегей құрылыс нысаны - Офтальмологиялық аурухананың (3,2 млрд. теңге), 300 келушіге арналған қалалық балалар стоматологиялық емханасының (612 млн тг) құрылысы аяқталуға жақын, позитронды-эмиссионды томогрияфиялық орталықтың (3,4 млрд тг), екі қалалық емхана (әрқайсысы 2,2 млрд теңге) мен 20 денсаулық сақтау мекемесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аймақта денсаулық сақтау саласында МЖӘ бойынша жалпы құны шамамен 14 млрд. теңгені құрайтын 26 нысан салынуда.

«Барлық нысандарда ЭКСПО-2017-де ұсынылған неміс, оңтүстік кореялық, австриялық және түрік өндірушілерінің инновациялық әзірлемелері мен жабдықтары қолданылатын болады», - деп нақтылады аймақ басшысы.

Сонымен қатар, өңірде өмір сүру ұзақтығын арттыру, жалпы және нәрестелер өлімінің азаюы байқалады. Жыл басынан бері бір де бір ана өлімі оқиғасы тіркелмеген.

Ақтөбе облысы әкімінің бспасөз қызметі