Ақтөбенің облысы әкімдігінің қызметкерлері тасқыннан зардап шеккендердің көмек қорына бір күндік еңбекақыларын аударды

You are here

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге Ақтөбе облысы әкімінің аппараты да қол ұшын беріп, өңір тұрғындарына көмек көрсету қорына бір күндік еңбекақыларын аударды деп хабарлайы облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тасқыннан зардап шеккендерге көмек қолын созған жандардың барлығына алғыс айтқан болатын.

- Су басқан учаскелер мен бекеттерді аралау кезінде мен ақтөбеліктердің көмекке зәру адамдарға бей-жай қарамай, қолдау көрсетіп жатқандарын көрдім. Әсіресе кәсіпкерлер мен ұжымдарға, сонымен қатар көмек көрсетуде белсенділік танытқан еріктілерге - жастарға алғысым шексіз. Мұнай жағдайда біздің кез келген қиындыққа төтеп беретін бірлігіміз көрінеді,-деді Бердібек Сапарбаев төтенше жағдайларды ескерту және болдырмау бойынша облыстық комиссияның отырысы кезінде.

Тасқын салдарынан өңірде саяжайлардағы 850 үй мен ауланы су басып, бес саяжай үйі қирады. Бау-бақша ұжымы аумағынан 1907 адам қауіпсіз жерлерге көшіріліп, 71 адам құтқарылды. Адамдарды уақытша орналастыру бекеттерінің тоғызында 792 адам бар, оның 347-сі - балалар.

Қала аумағында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған соң, зардап шеккендерге келтірілген шығын мен су басқан аймақта үй тұрғызу заңдылығын анықтайтын арнайы комиссия жұмысын бастады.

19 сәуірде Ақтөбедегі су қоймалары қалыпты жұмыс тәртібіне көшіп, Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары тасқын судың құйылуы тоқтауына байланысты пайдаланудың қалыпты тәртібіне көшті. Ақтөбедегі жағдай тұрақты және облыс басшылығының үнемі бақылауында.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы