"Ақтөбе жастары" қауымдастығының алғашқы фестивалі

You are here

Жастар қашанда қоғамның қуатты күші болып табылады. Олардың бастамашылдығы мен жаңашылдығы қай істің де ілгерілеуіне серпін берері сөзсіз. Құрылғанына көп бола қоймаған жаңа "Ақтөбе жастары" қауымдастығы наурыз мейрамы аясында облыстық фестиваль ұйымдастырды. Шарада өңірдің белсенді жастары бас қосты. Қауымдастықтың алғашқы ауқымды жиынына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  еліміздегі жастар саясатына ерекше көңіл бөлу арқасында облысымызда көптеген ауқымды істер атқарылуда. Қазірде қаламызда 7 еріктілер тобы тұрақты жұмыс істейді. Олардың қатарында 4000-ға тарта жастар бар. Еске сала кетейік, ақпан айында өткен өңір жастары­ның алқалы жиынында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев олардың қоғамда алатын орны айрықша екенін айтқан болатын. Сондықтан  «Ақтөбе жастары» қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды. Сол жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен бүгін алғашқы облыстық фестиваль өтті. 

Қазақ-орыс халықаралық университеті ғимаратында ұйымдастырылған шараға облыстың белсенді жастары қатысты. "Біз ұлы дала ұрпақтары" атты толеранттық фестивалінің негізгі мақсаты "Үлкен ел - үлкен отбасы" идеясын жүзеге асыру. Елдегі бейбітшілікті сақтайтын өскелең ұрпақты қалыптастыру. Фестиваль қатысушылары түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киді, тағамдарын әзірлеп, әр ұлттың шежіресінен сыр шертетін бейне фильмдер дайындалған. Облыс басшысы бұлардың әрқайсысына тоқталып, танысып көрді. Сөз алған жастар жағы өз пікірілері мен ұсыныстарын айтты. Мәселен, "Жарасым" жастар қазақстан халқы ассамблеясының филиалын Ақтөбеде ашу туралы ұсыныс жасалды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Облыстағы барлық жас­тар ұйымдарының басын қосатын «Ақтөбе жастары» қауым­дас­тығы фестивальға ерекше әзірленген. Тақырып аясында бейнефильмдер мен бірге ұлттық аспаптар ансамблі өнер көрсетті. "Тек қана татулық пен тұтастық арқылы біз Қазақстанды болашақ жоспарларын іске асыратын қуатты мемлекетке айналдыра аламыз" деген белсенді жастар облыс басшысына естелікке "бірлік" алқасын тапсырды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

«Ақтөбе жастары» қауымдастығы балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен зерделілігін арттыруды, жеткіншектердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік тұрғыдан дамуына жағдай жасауды көздейді.

САНЖАР ҚОЖАХМЕТОВ, "ЖАСҰЛАН АҚТӨБЕ" БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ

ЖҰМАГҮЛ ОҢБЕРГЕНОВА, А.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Фестиваль барысында облыс басшысы арнайы тақтайшаға қолын қойып "Болашақ жастарда" деп жазды. Жиын соңында жастар көтеріңкі көңілмен би биледі.

 

 

Жаңалықтар таспасы