Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 16 шілде, дүйсенбі күні Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Аталмыш қызметке Сағиев Айбек Игілікұлы тағайындалды.

Айбек Сағиев 1974 жылы Темір ауданында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірді. Еңбек өтілін 1990 жылы бастаған.

1997 жылы мемлекеттік қызметке түсті. 1997 жылдан бастап 2008 жылға дейін Ақтөбе облыстық қазынашылық басқармасында, Ақтөбе аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әртүрлі қызметте еңбек етті.

2008-2010 жылдары ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық департаментінің бастығы,2010-2013 жылдары Қарғалы, кейін Алға аудандарының әкімі болды.

2013 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылға дейін «Ақбұлақ» АҚ президенті қызметін атқарды. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап желтоқсан айына дейін «Нұр Отан» партиясының АОФ төрағасының бірінші орынбасары болды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі