Ақтөбе облысына МЖӘ және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жобаларын жүзеге асыру үшін 50 млрд теңге тартылды

Ақтөбе облысында биылғы жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында шамамен 50 млрд. теңгеге жуық инвестиция көлемін құрайтын 125 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл механизм ұзақ мерзімді перспективаға облыстық бюджетке деген жүктемені азайтып қана қоймай, халықтың әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін жақсартады. Біз МЖӘ белсенді дамуытуды жалғастыруға ниеттіміз», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Бүгінде Ақтөбе облысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамытуда жетекші орында тұр.

Мәселен, Ақтөбеде «Қазхром» ТҰК» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 1,5 млрд. теңгені құрайтын балаларды дамытуға арналған Шығармашылық академиясын салынды.

Сондай-ақ, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен Қазақстанның батыс аймағындағы ең ірі орталық - Өнер орталығы салынды. Оның аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды.

Жергілікті кәсіпкер қаланың «Батыс-2» ықшамауданында салынған Жекпе-жек сарайын сыйға тартты. Бұл жобаға салынған инвестиция көлемі 1,8 млрд. теңгені құрайды. Әмбебап зал түрлі спорт түрлерінен: бокс, күрес, дзюдодан сайыстар өткізуге мүмкіндік береді.

«Сәби» жеке қайырымдылық қорының инвестициялары арқасында «Мейірім» әлеуметтік бейімделу орталығы салынды. Қазақстанда баламасы жоқ аталмыш кешенде бүгінгі таңда 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің тоқсаннан аса түлегі тұрады, жұмыс істейді.

МЖӘ жобалары арасында жақында пайдаланылуға берілетін тағы бір құнды жоба-балалар мен ересектерге жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсететін «Дару Жарығы» офтальмологиялық орталығы бар. Жоба құны - 3,2 млрд. теңге.

Жаңа неке сарайы және тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратының жалпы құны шамамен 2 млрд теңгені құрайтын құрылыс және жабдықтау жұмыстары аяқталуға таяу.

Әлеуметтік нысандарды салуға биыл 29 млрд. теңге көлемінде бюджеттен тыс қаражат тартылды, ал 2017-2019 жж. 69 млрд теңге тарту жоспарланып отыр.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі