Ақтөбе облысындағы «Менің елім» бағдарламасының аралық қорытындысы

2016 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры қайырымдылық қызметінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның басты мақсаты – өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасы мен әлеуметтік ортаның жоғары стандарттарына, білімге, мәдениет пен спортқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға ықпал етуді көздейді.

  «Менің Елім» бағдарламасы Қордың компаниялар тобы бар өңірлерінде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар сериасын біріктірді. Бағдарламаның басты миссиясы өңірлердегі өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларындағы өмір сүру деңгейіне дейін жоғарылату болып табылады.

 «Менің Елім» бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды:

- азаматтық бастамаларды қолдау арқылы жергілікті қоғамдастықты дамыту;

- әлеуметтік инфроқұрылымды дамыту;

- тарихи-мәдени мұраны жаңғырту;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Бүгінгі таңда Бағдарлама 4 өңірде – Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатыр.

 «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасының дамуы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі, ең алдымен - Қордың компаниялар тобының қайырымдылық операторы болып табылатын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының міндеті. Бағдарлама Ақтөбе облысының әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

          

1.«Түзету мектептері мен интернаттарды арнайы құралдармен қамтамасыз ету» жобасы

Жоба аясында Ақтөбе облысында 4 түзету мектебі арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді:

1. Ақтөбе облысы Білім басқармасының «№7 арнайы (түзету) мектебі» КММ;

2. Ақтөбе облысы білім басқармасының «Есту қабілеті нашар балаларға арналған Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат колледжі» КММ;

3. Ақтөбе облысы білім басқармасының «Психологиялық дамуында кемшілігі бар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балалабақшасы» КММ;

4.  «Ақтөбе облысының Жайсан арнайы білім беру ұйымы» КММ.

2. «Спорттық және ойын алаңдарын орнату» жобасы

Жоба аясында Ақтөбе облысында 7 спорттық және балаларға араналған ойын алаңы орнатылды:

  1. Ақтөбе қ., Бөгенбай батыр к-сі, Саябақ;
  2. Ақтөбе қ., Гришин к-сі 70,70/1,70/2,68;
  3. Ақтөбе қ., Ахтанов к-сі 50, Сквер;
  4. Ақтөбе қ., Қарғалы ауылы, Сәтпаев к-сі 52, БЖСМ;
  5. Ақтөбе қ., Абай даңғылы 17В, 15А, 15/2, 2А;
  6. Қандыағаш қ., Интернациональная к-сі, №3 мектеп;
  7. Қандыағаш, Тәуелсіздік алаңы.

Бүгінгі таңда барлық алаңдар жергілікті атқарушы органдардың балансына өтті.

3. «Жалпы білім беру мектептерін спорттық құралдармен жабдықтау» жобасы

Бағдарлама аясында Ақтөбе облысында «Биіктерге бірге!» үздік спорттық шара байқауының нәтижесі бойынша 50 жалпы білім беретін мектеп 46 түрлі спорттық құралдармен («М+» типті комплектпен) жабдықталды.